Лицензиялар алу


Қазақстанда қызметтің анықталған түрлерімен айналысу лицензия алуды талап етеді.


Лиценциялау жекелеген қызмет түрлері бойынша келесі салаларда жүргізіледі:

1. өнеркәсіп;
2. атом энергиясын пайдалану
3. улы заттар айналымы;
4. көлік;
5. есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;
6. ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
7. жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар;
8. қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы;
9. ғарыш кеңістігін пайдалану;
10. ақпараттандыру және байланыс;
11. білім беру;
12. бұқаралық ақпарат құралдары;
13. ауыл шаруашылықтары;

    14. денсаулық сақтау;
    15. жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;
    16. ойын бизнесі;
    17. ветеринария;
    18. сот-сараптама;
    19. мәдениет;
    20. қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;
    21. сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
    22. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау;
    23. этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы;
    24. экспорт пен импорт тауарлары;
    25. тауар биржалары;
    26. мұнай және газ салаларындағы жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттер (операциялар) жатады.


    Лицензиардан (сала қызметтеріне байланысты құзіретті салалық орган болса) лицензия және лицензия қосымшаларын (егер белгілі бір салада қызмет болса) алу үшін келесідегідей құжаттар ұсынылады: орган болсасты т болса

    1. өтініш;
    2. келесі қызмет түрлерін жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшін жарғының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған):
      - қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет,
      - азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет,
      - есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет,
      - күзет қызметін жүзеге асырумен байланысты қызмет;
    3. арыз иесінің заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама – заңды тұлға үшін;
    4. жеке тұлға үшін – тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    5. жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкерлігі ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер құжаттың түпнұсқасымен салыстыру қажет болса);
    6. «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
    7. арыз иесінің Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген жағдайлар мен тәртіпте біліктілік талаптарына сай келетінін растайтын құжаттар.

      Қаржы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру кезінде қосымша талап етілетін құжаттардың тізімі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.

      Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:

      1) өтініш;
      2) біліктілік талаптарына қызметтің кіші түріне сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарымен ұсынуы көзделген басқа да құжаттар.


      «Е-лицензиялау»
      «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры «Электрондық үкімет» шлюзы арқылы тіркеу формасын толтыру жолымен Интернет бойынша электрондық форматтағы лицензияны алуға қажетті құжаттарды тапсыруға мүмкіндік береді. Толығырақ www.elicense.kz сайтында.


      Лицензияны беру мерзімі

      • қажетті құжаттарды берген күннен бастап 15 жұмыс күн ішінде;
      • атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензиялар үшін – 30 жұмыс күні ішінде.

      Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап, лицензия берілген болып саналады. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруге міндетті. Олай болмаған жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынған болып есептеледі, ал, лицензияр қабылдаған күні туралы белгі соғылған құжат көшірмесі, лицензияның өзін алғанға дейін заңмен бекітілетін құжаттар лицензиямен жұмыс жүргізілген болып есептеледі.

      Лицензиясыз жұмыс істеу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін.

      Ақпарат көзі: «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңы



      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің байланыстары:

      Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, Министрліктер Үйі, 13 кіреберіс
      Кеңсе тел.: 7 (7172)74-07-37, + 7 (7172) 74 02 01
      E-mail: kanc@minjust.kz