Ақмола облысының инвесторларға қызмет көрсету орталығы ​

Ақмола облысындағы шетел инвестицияларын тікелей арттыру және инвестицияларды жұмылдыру жөніндегі ұлттық жоспар аясында және Қазақстан Республикасы Премьер-министрі К.К.Мәсімовтің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 ақпандағы №6 отырысының хаттамасының 1.4.2. тармағына сәйкес әзірленген инвесторлармен жұмыстардың жүйесін құру мақсатында «Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ базасында инвесторларға қызмет көрсету орталығы (әрі қарай – ИҚО) құрылды.


Мақсаты:

  • шетел инвесторларына жан-жақты, сенімді әрі сапалы аймақ пен инвестициялық жобалар туралы ақпараттар ұсыну;
  • әлеуетті серіктестермен байланыс жасауға көмек көрсету;
  • шетел инвестицияларын дұрыс орналастыруға төселдіру.

Инвесторларға қызмет көрсету орталығының негізгі қызметтері (ИҚО):

  • Облыстың келешегі мол инвестициялық жобаларын іріктеу;
  • Инвесторларға шұғыл түрде қызмет ету:
    • аймақ туралы ақпарат ұсыну: аймақтағы экономикалық әлеует пен ағымдағы экономикалық жағдайлар туралы;
    • инвестициялық жобалар туралы деректер базасын ұсыну;
    • құқықтық қызмет көрсету және консалтинг;
    • преференция алу кезіндегі көмек;
    • визалар мен шақыруларды рәсімдеу;
    • қонақ жайларды брондау;
    • жолсерік болу.
  • Облыстағы инвесторлар мен бизнес өкілдері үшін қызметтік кездесулер ұйымдастыру.