Кәсіпорынды тіркеу

Заңды тұлғаны құру үшін ең алдымен мыналар қажет:

  • М4 бизнес-иммигранттың визасын алу.
  • Жүзеге асырылатын қызмет түрінеқарай хаңды тұлғаны құрудың ұйымдастыру-құқықтық нысанын таңдау;
  • Құрылатын компанияның қандай кәсіпкерлік субъектісі санатына жататынын анықтау;
  • егер компания қайта құру немесе қосылу, немесе акциялар мен қатысу үлестерін алу арқылы құрылса, онда мемлекеттік монополияға қарсы органның рұқсатын алу қажеттілігін немесе қажет еместігін анықтау;
  • егер заңды тұлғаның қызметінің мәні қаржылық қызметтер атқару болатын болса, қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің рұқсаты қажет.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде кіріс алуға ұмтылған коммерциялық заңды тұлғалар құру арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы.

Заңды тұлғалардың түрлері мен нысандары

Әдетте коммерциялық заңды тұлғалар шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам нысанымен құрылады. Мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық формалары тек шаруашылық серіктестігі және акционерлік қоғам ғана болуы мүмкін.

Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары

Компанияны құру кезінде орташа жылдық кірістің қандай болатынын және жұмысшылардың, соның ішінде өкілдіктер мен филиалдардың жұмыскерлерінің санын шамалап белгілеу қажет, өйткені бұл статистика үшін және мемлекеттік қолдау шараларын алу мақсатында қажет.


Жұмысшылардың орташа жылдық саны мен орташа жылдық кіріске байланысты мыналар айқындалады:

  • Микро кәсіпкерлік - 15 адамға дейін/ 30 000 АЕК-ке дейін;
  • Шағын кәсіпкерлік - 100 адамға дейін/300 000 АЕК-ке дейін;
  • Орта кәсіпкерлік - 100-250 адамға дейін/ 30 000 до 3 000 000 АЕК-ке дейін;
  • Ірі кәсіпкерлік - 250 адамнан артық/ 3 000 000 АЕК-тен артық.


Заңды тұлғаны онлайн
тіркеу