Біз туралы


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Министрлік мына қызмет түрлерімен айналысады:

  • индустрия және елді индустриялық-инновациялық дамыту, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешені, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсібі, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру;
  • салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі;
  • мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты, қолайлы инвестициялық ахуалды жасау;
  • арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі және оларды тарату, экспорттық бақылау;
  • техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
  • көмірсутегі шикізатын қоспағанда, минералдық ресурстар;
  • мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, уранды және көмірді қоспағанда, жерасты сулары және емдік балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын мемлекеттік басқару;
  • энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, туристік қызметі, инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру;
  • теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі, автомобиль жолдары;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздігі;
  • байланыс, ақпараттандыру және «электрондық үкімет», ақпарат;
  • ғарыш қызметі.


«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитеті» мемлекеттік мекемесі реттеу, жүзеге асыру және бақылау функцияларын іске асырады, сондай-ақ Министрліктің мемлекеттік инвестициялық саясат, инвестицияларды қолдау саясаты, қолайлы инвестициялық климат құру, арнайы экономикалық аймақтарды құру, әрекет еткізу және қысқарту салаларындағы стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.


Веб-сайт операторы – Инвестициялар және даму министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ – қазақстандық өңделген экспортты дамыту мен жылжыту және тікелей шетелдік инвестицияларды экономиканың басым секторларына тарту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау арқылы ұлттық даму институттарының бірі.


KAZNEX INVEST қызметінің негізгі бағыттары:

    • Экспортты дамыту
    • Экспортты ілгері жылжыту
    • Шетелдік инвесторларды іздеу және қолдау
    • Шетелдік инвесторлардың заңды мүддесін жүзеге асыру
    • Қазақстанның инвестициялық имиджін көтеру
    • Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту (АЭА)