National Company for Investment Support and Promotion

Еңбек нарығының тиімділігі

Қазақстан аймақтағы жоғары тиімділікті еңбек нарығы бар жалғыз ел болып табылады, әлемнің 140 елінің арасында 20-шы орынға ие (ДЭФ «Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік бойынша 2015-2016 жылдарға арналған есеп»)

Еңбек өнімділігі мен еңбекақы төлемі бойынша Қазақстан 22-ші орын алады.

Әлеуетті инвесторлар Қазақстандағы еңбекақы төлеу деңгейін қызығушылық тудыратын әрі тартымды факторлардың қатарына жатқызады («Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы 2014 ж» E&Y зерттеуі).

Инвестициялық басым жоспарларды жүзеге асыру үшін келісімшарт жасаған инвесторлар квотасыз және рұқсатсыз шетел мамандарын жұмысқа алуға құқылы.