ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ ТАРИХЫ. CASPI BITUM

«CASPI BITUM» БК» ЖШС Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында битум өндірісі бойынша зауыт салу жобасын жүзеге асыру мақсатында 2009 жылы құрылған.  
Құрылтайшылары:
-  "KazakhstanPetrochemicalIndustries" АҚ (ҚР) – 50 % ("ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ - 100%);
-   «CITICKazakhstan» ЖШС (ҚХР) - 50 %.
СИТИК ГРУП – қызметі: банкинг, бағалы қағаздар, сақтандыру, траст, қорлар, жылжымайтын мүлік, инфрақұрылымдық құрылыс, энергетика, машинақұрылысы, қоршаған ортаны қорғау және т.б. сияқты түрлі салаларға таралатын көпсалалы трансұлттық корпорациясы, Қытай үкіметімен өкілетті болып табылатын, Қытайдағы ең ірі инвестициялық компания.   
 
- Чжао Цзинчжун мырза, алдымен компанияның қызметі туралы қысқаша айтып өтсеңіз. 
- Айта кету керек, біздің «CASPI BITUM» БК» серіктестігі жол саласының қажеттіліктерін жоғары сападағы жол битумдарымен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының 2010-2014-ші жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму бойынша Мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде салынды. Жұмыстың басты бағыты: тотықтырылған және түрлендірілген жол битумдарын алу мақсатындағы мұнай өңдеуге негізделеді. Мұнай жеткізу ұзындығы 220 км. болатын «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбырларының жүйесі бойынша Қаражанбас кенішінен жүзеге асырылады.  
 
- Компания Қазақстанда қанша уақыттан бастап жұмыс істеп келеді және қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіздер? 
- 2013 жылдың 20 желтоқсанында индустрияландыру Күніне  және ҚР ПРезиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпы ұлттық телекөпір аясында Битум зауыты пайдалануға берілді
Зауыт іске қосылған уақытттан бері 450 мың тонна сапалы битум шығарылды. Тұтынушылар тарапынан өндірілетін өнімнің сапасына ешқандай да сын айтылған жоқ және кәсіпорын алдағы уақытта да шығарылатын өнімнің сапасын тек қана арттыруды  ойластыруда. 
 
- Компанияның келешектегі даму көкжиегі қандай көріністе деп айтар едіңіз, және алдғы уақытқа жасап отырған жоспарларыңыз қандай?
- Біз жақын жоспарымыз бойынша өз өнімдеріміздің ассортиментін кеңейтуді көздеп отырмыз және аяз бен ыстыққа және ескіріп-тозуға төзімді сипаттары бар жақсартылған полимерлі-түрлендірілген битум өндірісін бастасақ па дейміз. Аталған битумдардың қызмет ету мерзімі де бірнеше есе жоғары. Сонымен қатар, мұндай материал тек автотрассаларды салуда ғана емес, сондай-ақ ұшу алаптарын орнату жұмыстарында да пайдалануға болады.  
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында жол битумдарының алғашқы тікелей экспорттық тасымалы жүзеге асырылды. Дәлірек айтсақ біздің өнімдеріміз 650 тонна көлемінде Өзбекстан Республикасына жөнелтілді. Болашақта Битум зауытының тауарлары Жақын шет елдің нарықтарына да жеткізілетін болады. 
          Сонымен бірге зауыт жоспарында, экспорттың геграфиясын ғана емес, жеткізілім құрылымын да кеңейту, битумды тек т/ж цистерналарымен және автоцистерналармен ғана емес, жол битумын сонымен бірге сұйық күйде сыйымдылығы 1000 кг дейін баратын «Биг-Беги» (БЖК- бір жолдық жұмсақ контейнерлер) және сыйымдылығы 40 кг болатын қап сияқты екі түрдегі полимерлі бір реттік көліктік ыдысқа өлшеп салынған күйде жеткізуді ұсыну қарастырылуда.  
Біз, кәсіпорын ретінде – техникалық автономдықты жетілдіру, тенологиялық процесстерді оңтайландыру, аталмыш саладағы алдыңғы орынды сақтап қалу, нарықта бәсекелестік басымдығын бағындыру жолындағы үздіксіз ұмтылысты ұштай түсу сияқты ортақ мақсаттарымыз бар.
  Басқару деңгейін үздіксіз арттыру, жоғары өнімділікті қалыптастыру, салауатты және кәсіби ұжымды орнату үшін жағдай жасау - кәсіпорынды дамытудағы басты қозғаушы күшімізге айналмақ. 
       
- Біздің ел жайындағы өзіңіздің жеке әсеріңізбен де бөлісе отырсаңыз.
- Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытай дамудың түйінді торабында тұр, битум зауыты – осы сөзімізге айқын дәлел бола алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бизнесті дамыту мәселесіне мейлінше мән бергенінің нәтижесінде, бүгінде Қазақстанда тұрақты инвестициялық климат қалыптасқан. Сондай-ақ, біз өңірлік деңгейде «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ өкілдігімен және біздің кәсіпорынға жан – жақты қолдау білдіріп келе жатқан Маңғыстау облыстық әкімшілігімен арадағы әріптестігіміз тығыз дамыған. Бұған қоса, Қазақстан халқының қонақжайлығы мен ет және сүт өнімдеріне бай ұлттық асханасын да айрықша атап өткім келеді.