National Company for Investment Support and Promotion

Сеулде инвестициялық апта шеңберінде Оңтүстік Кореяның аса ірі компанияларымен келіссөздер жүргізілуде

Сеулде инвестициялық апта шеңберінде Оңтүстік Кореяның аса ірі компанияларымен келіссөздер жүргізілуде

Сеулде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов бастаған қазақстандық делегация мен Оңтүстік Кореяның аса  ірі компаниялары арасында экономикалық ынтымақтастықты белсендендіру сұрақтары бойынша келіссөздер жүргізілуде. 

Делегация құрамында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» АҚ басшысы Азамат Ойнаров, «KazakhInvest» ҰК басқармасының төрағасы Рустам Исатаев, «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ, «ҚТЖ-Экспересс» ҰК, «ҚазАгро» АҚ және басқалар өкілдері бар.

Бүгін Қазақстан делегациясының мүшелері ынтымақтастық мәселелерін Кореяның Энергетика және минералдық ресурстар қауымдастығы төрағасының орынбасары СангВун Ханмен талқылады.

«Соңғы уақытта біз Қазақстанның Елшілігімен және «ҚазГеология» акционерлік қоғамымен өте белсенді ынтымақтастамыз. Біз осы жұмыстың нәтижесінде біздің компанияларымыз Қазақстанның тау-кен секторында қызық жобалар табады деп сенеміз», - деп атап өтті Санг Вун Хан.

Кореяға сапар барысында сонымен бірге басқару және арнайы экономикалық  аймақтарды заңдармен реттеу тәжірибесімен алмасу жөнінде диалог орын алды, 2013 жылдан бері тау-кен металлургия секторында, логистика және жасыл экономика және басқа да перспективті салаларда жұмыс істеп келе жатқан «EastCost» АЭА мүмкіндіктері таныстырылды.

Бұдан басқа, инвестициялық аптаның алғашқы күнінде Кореяның аса ірі NorooKiban, Highvill және POSCO ICT трансұлттық компанияларымен кездесулер өтті.
Атап айтқанда,  Highvill компаниясы басқармасының төрағасымен кездесуде Қазақстан өңірдеріндегі бірқатар құрылыс жобаларына инвестиция салу сұрақтары талқыланды.

«Біз Қазақстанда өз бизнесімізді 14 жыл жүргізіп келеміз, осы кездесуді пайдаланып, осындай қолдау үшін алғыс білдіргіміз келеді. Мен құрылыстағы біздің бизнесімізді табысты түрде іске асырдық деп ойлаймын. Біздің компаниямыз бұл жұмысты алдағы уақытта да одан әрі жалғастыруға ниетті. Біздің Қазақстан Республикасындағы тәжірибеміз – шынында да Қазақстанда Кореяның басқа коспанияларының жұмыс істеуі үшін тамаша үлгі», - деді Ко Джэ-ил.

Өз кезегінде NorooKiban компаниясы аграрлық секторға, химия өнеркәсібіне жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып инвестициялауға қызығулы. Атап айтқанда, кездесуде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев өңір жобаларына инвестиция салуды қарастыруды ұсынды.

POSCO ICT компаниясының вице-президенті  Ли Чан Бок мырзамен кездесуде АТ-инфрақұрылымы, автоматтандыру, SmartCity салаларын инвестициялау мүмкіндіктері талқыланды.

«Осыдан 20 сағат бұрын ғана біз Кореяның Қазақстан Республикасындағы елшісімен кездестік, ол Оңтүстік Кореяның компанияларымен АТ саласында, әсіресе POSCO сияқты компаниямен ынтымақтастықтың әлі де тиісті деңгейде белсендендірілмегендігіне таңқалысын білдірді. Біз сіздердің компанияларыңызбен ынтымақтастыққа мүдделіміз», - деп атап көрсетті  POSCO ICT компаниясының бірінші вице-президентімен әңгімесінде KazakhInvest басқармасы төрағасының орынбасары Рустам Исатаев.

Инвестициялық апта шеңберінде Оңтүстік Кореяның компанияларымен бірқатар кездесулер және Сеулде бизнес-форум өткізу жоспарланған.