ПАВЛОДАРЛЫҚ БИЗНЕС ӨЗ ӨНІМІН ЭКСПОРТҚА СЕНІМДІ ШЫҒАРУДА

ПАВЛОДАРЛЫҚ БИЗНЕС ӨЗ ӨНІМІН ЭКСПОРТҚА СЕНІМДІ ШЫҒАРУДА

Наурыздың 28-ші жұлдызында Павлодар қаласында облыс әкімшілігінің көмегімен «КAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» және Павлодар облысының экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу кезінде «KAZNEX INVEST» экспортты алға бастыру қызметінің қызметкерлері кездесу қатысушыларына мемлекеттің қазақстандық кәсіпкерлерге өндірілетін тауарларды сыртқы нарыққа сәтті шығаруға бағытталған қазіргі қызметтік және қаржылық қолдау шаралары туралы айтты.

2010-2016 жылдар аралығында «КAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» Павлодар облысының 40 компаниясына қызметтік қолдау көрсету арқасында жалпы сомасы 30 млн. АҚШ доллары шамасында экспорттық, соның ішінде кабельдік, металлургиялық, азық-түлік және орауыш өнімдерді жеткізуге келісімшарттар жасасты. 2015 жылы облыстың экспорттық шамасы 1,2 млрд. АҚШ долларын құрады.

Ұлттық агенттіктің Павлодар облысында жүзеге асырған сәтті жобаларының бірі болып қара және түсті металдарды өндіру мен өңдеумен айналысатын «Кастинг» компаниясының өнімін сыртқы нарыққа шығаруға көмектесу болып табылады. «Кастинг» ЖШС түсті металдар бөлімінің бастығы Дарья Арбузованың айтуы бойынша: «KAZNEX INVEST-пен серіктес болғанымыздың арқасында біз Германия нарығына шықтық. Өткен жылы біз Германияның жарнамалық және көрсетілімдік іс-шарасына қатыстық. Нәтижесінде біз өз өнімімізді сыртқы нарыққа жеткізу үшін 3 млн. АҚШ долларына келісімшарт жасастық. Сонымен қатар, біз өз жемісін берген Мәскеу қаласындағы «Металл ЭКСПО-2016» халықаралық көрмесіне қатыстық».

2017 жылы өнімді экспортқа шығару бойынша ортақ жоспарларды әзірлеу мақсатында «KAZNEX INVEST» өкілдері облыстағы 18-ге жуық өндірістік кәсіпорынға, сонымен қатар «Компания Нефтехим LTD» мұнай-химия өнімін өндіру компаниясына, «KSPSteel» ЖШС темір арқау, құбыр және болат тұтас құбырларды шығаратын кәсіпорынға, «Крендель» ЖШС нан-тоқаш өнімдерін шығаратын кәсіпорынға, «Рубиком» ЖШС ет өнімдерін шығаратын кәсіпорынға және тағы да басқа компанияларға барады.  Аймақтың барлық экспортқа бағдарланған кәсіпорындары бейінді көрмелерде, сауда миссияларына қатысу мүмкіндігіне ие және халықаралық іс-шара аясында бірыңғай ұлттық стендтерде ұсынылуға мүмкіндігі бар.