«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ» АЭА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ 10 ЖЫЛ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЮДЖЕТТІК ҚОРЫНА 11МЛРД. ТЕНГЕДЕН АСТАМ САЛЫҚ ҚҰЙДЫ

«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ» АЭА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ 10 ЖЫЛ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЮДЖЕТТІК ҚОРЫНА 11МЛРД. ТЕНГЕДЕН АСТАМ САЛЫҚ ҚҰЙДЫ

2016 жылы «Инновациялық технологиялар паркі» Арнайы Экономикалық Аймақ қатысушыларының қызметінен түскен салық кірісі 2,82 млрд. астам тенгені құрады. «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қатысушылары мемлекет бюджетіне төлеген жиынтық салықтық мөлшері және басқа да міндетті төлемдер 2006 жылдан бастап қызмет жасап келе жатқан кезеңі бойынша 11,5 млрд. тенгеден астам шаманы құрады.

Қызметін «эксаумақтық» принципі бойынша іске асатын «ИТП»АЭА қатысушыларының салық түсімдері олардың нақты орналасқан жеріне байланысты ескерілетінін атап өткен жөн.

Қазіргі таңда «ИТП»АЭА ол:

-3470 жұмыс орны, оның 394 жұмыс орны 2016 жылы құралған;

-2006 жылы қызмет етуден бастап «ИТП»АЭА қатысушылары 22 млрд. тенгеден астам инвестиция салды;

-Соңғы 10 жыл ішінде «ИТП»АЭА қатысушылары іске асырған жұмыстары мен қызметтің басым түрінен түскен пайда саны 107 млрд. астам тенге.

Сонымен қатар, «ИТП»АЭА Алматы қаласының білім беру мекемелерінмен персоналдың уәждемесін арттыру және қатысушы компаниялар үшін жоғары білікті кадрларды дайындау мақсатында белсенді қызмет атқарады. Осылайша, 2016 жылы Cisco, Dr.Web, EPAM-Kazakhstan, Аққу-Security сияқты және тағыда басқа ірі Қазақстандық және шетел компанияларының дәріс берушілерін тарту арқылы информациялық технологиялар саласында сабақтар өткізілді.

Арнайы экономикалық аймақтың толық дамуы айтарлықтар ұзақ уақыт алуы мүмкін екенін көрсететін АЭА-нің әлемдік тәжірибесін ескерген жөн. Негізінен, АЭА-лар инфраструктура құрылысын аяқтағаннан кейін ғана қарқынды дами бастайды. Содан кейін, бірте-бірте жобаларды толтыру кезеңіне ауысады. Мысалы, әлемнің алдыңғы қатарлы «Dubai Port» АЭА дамыту үшін 25 жыл уақыт жұмсалды.

Жалпы 10 жылда атқарған жұмысты және 2016 жылды қорытындылай келе, «ИТП»АЭА басқармасы өзінің кезекті даму кезеңінде мемлекеттің инновациялық дамуына инновациялық-индустриалды қызметтің, қазақстандық және шетелдік жоғары технологиялық кәсіпорындардың  инновациялық жобаларды дамыту саласындағы өзара ынтымақтастығы, стартаптарды және инновациялық жобаларды тарту арқылы жағымды ықпал етеді деп есептейді.