National Company for Investment Support and Promotion

ҚР Инвестициялар және даму министрлік қызметкерлері біркүндік жалақыларын «Милосердие» ерікті қоғамы» қайырымдылық қорына аударды

ҚР Инвестициялар және даму министрлік қызметкерлері біркүндік жалақыларын «Милосердие» ерікті қоғамы» қайырымдылық қорына аударды

Ақкөл қаласының № 1 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатысуымен өткен концерт министрлік қызметкерлері мен олардың балаларының ұйымдастыруымен өткізілді.

Құттықтау сөзінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек барлық кеш қатысушыларын өткен мерекемен және басталған жазғы демалыстарымен құттықтады.

«Бұл кеш әрқайсыңыздың бойларыңызда біздің балаларымызға деген айрықша мақтаныш сезімін ұялатсын және тағы бір мәрте біздің қоғамымызда олардың орындары қаншалықты маңызды екенін естеріңізге салсын. Бұл кеш ерекше болмақ. Бүгінгі концерттің басты кейіпкерлері – өз өнерлерін ортаға салатын біздің қызметкерлеріміздің бүлдіршіндері», - деді министр.

Шара барысында сондай-ақ ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі мен «Ақкөл қаласының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйі» КММ-нің  арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумның мақсаты -  балалар үйіне арналған қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырудағы ынтымақтастықты нығайту.  

Балаларды қорғау күніне орай министрлік қызметкерлері денсаулық жағдайына байланысты қаржыға мұқтаж балаларға көмек көрсету үшін қайырымдылық акциясын өткізді. Осылайша, министрлік қызметкерлері бірнеше ота жасалатын кішкентай Саидаға көмектесу мақсатында біркүндік жалақыларын «Милосердие» ерікті қоғамы» қайырымдылық  қорына аударды. Осы кеште министр қайырымдылық қорының өкілдері мен Саиданың ата-анасына ақшалай сертификат табыстады.

Кеш соңында қайырымдылық концертке қатысқан барлық балалар ҚР Инвестициялар және даму министрінің Алғыс хатымен және «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалымен бірлесе дайындалған арнайы сыйлықтармен марапатталды.