ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМ КӨРМЕСІ «УЗЭКСПОЦЕНТР»-ДЕ АШЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМ КӨРМЕСІ «УЗЭКСПОЦЕНТР»-ДЕ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-Өзбекстан» бизнес-форумына алдағы сапарының шеңберінде Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бүгін Ташкент қаласында «УзЭкспоЦентр» көрме орталығында қазақстандық өнімнің көрмесін ашты. Мұнда машина жасау, тағамдық, фармацевтикалық, химиялық, металлургиялық, құрылыс, орама және ІТ салалардың өнімдерінің 500 астам атауларымен шамамен 90 жетекші қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін көрсетеді.

Салтанатты ашылуға сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі Ерлан Хаиров, KAZAKH INVEST Басқарма төрағасы Мақсат Қабашев, KAZAKH INVEST Басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов және Өзбекстан Республикасының Инвестициялар бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасының орынбасары Шамиль Бурнашаев қатысты.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз сөзінде атап өткендей:

- Өзбекстан Республикасы Қазақстанның стратегиялық серіктесі болып табылады. 2017 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындылары бойынша сыртқысауда айналымының 35%-ға ұлғаюы елдеріміз белсенді сауда-экономикалық өзара қатынастар жасау үшін жеткілікті потенциалға ие екендігінің айғағы.

Көрмеде қазақстанда жасалған 16 автомобиль, автобус ұсынылды, олар: Peugeot, Lada автомобильдері, JAC электромобильдері, сондай-ақ әскери техника, брондалған машиналар: КАМАЗ автомобилінің негізіндегі Р-142Н командалық-штабтық машинасы, КАМАЗ автомобилінің негізіндегі Р-409 МЦ радиостанциясы, ВОС-4 (Әскери тұщытқыш станциясы), БКМ «АРЛАН» 4х4.  

Көрмеден кейін әскери техника әскери мамандардың алдында көрсету сынауларынан өту үшін Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің полигонына жөңелтілетін болады.

- Қазақстан және Өзбекстан дәстүрлі сауда серіктестері болып табылады, - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов. – Қазіргі уақытта Өзбекстанда ел экономикасының дамуының жаңа векторларын байқап жатырмыз, валюталық курсты либерализациялау жасалып жатыр, 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап импортталатын акциздік тауарларға акцизделетін салықтың мөлшерлемелері төмендетілді – олар 15 тауар позициясы, оның ішінде ұн, сұйық май, ет өнімі және т.б. Осының барлығы Өзбекстанның кәсіпкерлерімен ынтымақтастық жасауға қазақстандық бизнестің мүдделілігін жоғарылатады. Көрме аясында өнімді жеткізу, сауда өкілдіктерін ашу, Өзбекстанның аумағында бірлескен өндірістер құру жөнінде келісім-шарттарға қол қоямыз деген үміттеміз. Осылайша, қазақстандық трансформаторлар өндірушісі мен Энергомаш арасында Чирчик машина жасау зауыты негізінде трансформаторлардың бірлескен өндірісін құру жөнінде келісімге қол қойылды. AllurAuto қазақстандық автомобильдер өндірушісі қазіргі уақытта Өзбекстанның аумағында потенциалды дилермен келіссөздер жүргізіп жатыр және 7 автомобильді құрайтын сынама партиясын жеткізуді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта Өзбекстанның нарығына қазақстандық өндірушілердің келесі өнімі жеткізіледі: рельстер, дәрілік заттар, сорап станциялары, телекоммуникация жабдықтары, құбырлар, тамақтану өнімдері, құрылыс материалдары және басқалары.

Барлық осы факторлар екі ел арасында тауарайналымының ұлғаюына оң әсер ететіні сөзсіз. 2017 жылдың соңына қарай тауарайналымының күтілетін көлемі шамамен 2 млрд. АҚШ долл. құрайтын болады, мұнда ең үлкен өсім қазақстандық экспорттың жеткізілімдерінің ұлғаюына келеді.

Одан басқа, орталық павильонның форматында жеке стендтерде келесі 6 бағыт бойынша Қазақстанның ұлттық компаниялары ұсынылған:

1) «Медицина – білім беру» - «Назарбаев Университет» ББАҰ.

2) «Транспорт» «ҚТЖ» ҰК» АҚ

3) «Космос» -  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ;

  1. «Қорғаныс, әскери өнеркәсіп» – «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ;
  2. «IT қызметтер» - Сандық Қазақстан  «Зерде» ҰАХ» АҚ
  3. «Логистика-тасымалдау»- «Қазтрансгаз» АҚ, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ.