ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАБЫС ТАРИХЫ. LOTTE KAZAKHSTAN RAKHAT КОМПАНИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАБЫС ТАРИХЫ. LOTTE KAZAKHSTAN RAKHAT КОМПАНИЯСЫ

Біз «Табыс тарихы» айдарын одан әрі жалғастырамыз, және бүгін біз – Қазақстан нарығында 2013 жылдан бастап, «Рахат» бренді бойынша жұмыс істеп келе жатқан, оңтүстік кореялық инвестор, «LOTTE Confectionery» компаниясының жұмысымен жақынырақ таныспақпыз.

Осы мақсатта біз «Рахат» АҚ Басқармасы Төрағасының Орынбасары, «LOTTE Confectionery» компаниясының Қазастандағы өкілі Джонг Сик Сон мырзамен, олардың бизнесінің қалай дамып жатқандығы және болашақ жоспарлары жөнінде сұхбат құрған едік.

Қадірменді Сон мырза, алдымен компанияның Қазақстандағы жұмысына қысқаша тоқталып өтсеңіз.

- Мемлекеттің жан-жақты қолдауының арқасында, 2013 жылы «Рахат» компаниясы акциясының үлесін сатып алу бойынша келісім қандайда бір қиындықтарсыз өтті.  2013 жылғы қарашада «Рахат» арасындағы келісіміннен кейін,  компаниялар «Рахат» жетекші кондитерлік фабрикасының қаржылық тұрақтылығы мен үздіксіз дамуына ден қойған, және «LOTTE Confectionery» компаниясы LOTTE менеджментінің жүйесін енгізу жолы арқылы, алға қойылған тапсырмаларды жүзеге асыруға қолдау білдіреді. Біз өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін сақтау бойынша үздіксіз жұмыс жүргіземіз, сонымен қатар қазақстандықтарды LOTTE-нің ең үздік тауарларымен таныстырамыз.

 Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, «Рахат» фабрикасының беделін нығайтуға ықпал ететін, имидждік акциялар өткіземіз. Бұдан бөлек, балалар үйлеріне, қарттар үйлеріне және тұрғындардың көмек қолын созуды қажет ететін тағы да басқа топтарына да мүмкіндігінше барлық көмекті көрсете отырып, әлеуметтік маңызға ие түрлі жобаларға да қатысамыз.

Неліктен, инвестициялауды Қазақстан жерінде жүргізу туралы шешім қабылданды және Сіз Қазақстандағы инвестициялық климатты жалпы қалай бағалар едіңіз?

- Инвестициялау нысаны ретінде Қазақстанды таңдап алуымызға түрткі болған басты себеп - бұл елдің экономикасы тұрақты даму үстінде және де өсіп-өркендеу бағытында болашаққа жасаған жоспарлары да жарқын. Сондай-ақ, Қазақстан арқылы, біз тек Ресейдің ғана емес, сонымен бірге ТМД барлық елдерінің де нарықтарына шыға аламыз деп есептейміз. Аталған мемлекет кондитерлік өнеркәсіпті  түрлі дамытуға да қолдау білдіріп келеді, мәселен, 2015 жылы, біз Қазақстан Даму Банкінің «Өндіріс» қаржыландыру бағдарламасының қатысушысы атанып, соның нәтижесінде Шымкент қ. өндірістік алаңда бисквиттік және вафли өнімдерін өндіру бойынша қосымша екі желі орнатылды, кейін «агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау Ережесіне» сәйкес инвестициялық салынымдардың бір бөлігінің орны толтырылды.

Бизнесті қолдауға бағытталған осы тәрізді бағдарламаларға қатысу арқылы, біз одан әрі дами түсеміз және алдағы уақытта да Қазақстан нарығына инвестициялауды жоспарлап отырмыз. 

Аталған жобаға жұмсалған инвестиция сомасы қандай және қайтару сомасы бойынша сіз не күтесіз?

- «Рахат» акциясының үлесін алғаннан кейін, 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін, фабрикаға 5 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйылды: нақтырақ айтар болсақ,  ағымдағы өндірістік желілерге автоматтандыру жүргізілді, жоғарыда айтып өткеніміздей, бисквиттік және вафли өнімдерін өндіру бойынша қосымша екі желі енгізілді. Әрине, біз бұл жұмыстармен тоқтап қалмаймыз,  фабрика жұмысын дамыту бағытындағы инвестициялаудың ағмдағы саясатын одан әрі жалғастырсақ па деген жоспарымыз бар. Ал, енді өтелімділік мерзіміне келетін болсақ, әрине кез келген бизнес үшін оның барынша аз уақытты құрағаны жақсы, алайда, біз бұл жобаға ұзақ мерзімдегі перспектива ретінде қараймыз.  

Сіз жобаның Қазақстандағы келешегін қалай бағалар едіңіз және алдағы жоспарларыңыз қандай?

 

«Рахат» брендінің осыған дейін қалыптасып үлгерген танымалдығын ескере отырып, біз өз тарапымыздан менеджмент саласы бойынша жаңа тәсілдемелер енгізуге тырысамыз, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, сол арқылы компанияның үздіксіз дамуына ықпал етпекпіз. Және Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігі тарапынан жасалып отырған қолдауға алдағы уақытта да сенім білдіреміз, өйткені бұл бізге ТМД нарығына қатысуымызды арттыруға мүмкіндік береді.  

Сондай-ақ,  бүгін EXPO 2017 шеңберінде Астанада Оңтүстік Корея елінің Ұлттық Күні өтуде. Осыған орай Инвестициялар және даму Вице-министрі Ерлан Хаиров және корей халқының индустрия, сауда және энергетика министрі Ким Енгсам мырза іс – шара қатысушыларын құттықтап, өз тілегін білдірген болатын.

АНЫҚТАМАЛЫҚ

2017 ж. 1 маусымында Оңтүстік Кореядан алынатын капиталдың қатысуымен 1009 кәсіпорын тіркелген, олардың 464 жұмыс істеп тұр. Қазақстан Республикасына Оңтүстік Кореядан түсетін ТШИ сомасы 2005 - 2016 ж.ж. аралығында 4 323,9 млн. АҚШ долларын құрады. 2016 жылы Қазақстан  Оңтүстік Кореядан  453,1 млн.  АҚШ доллар сомасына тауар (машина құрастыру, химия өнеркәсібі, металлургия) импорттады. Ал, Қазақстан тауарларының Оңтүстік Кореяға экспортталауы (металлургия, минералды тағамдар) өткен жылы  223,5 млн. АҚШ долларын  құрады.