Қазақстан мен Қытай инвестицияларды өзара ынталандыру мен қорғау туралы келіссөздер жүргізді

Қазақстан мен Қытай инвестицияларды өзара ынталандыру мен қорғау туралы келіссөздер жүргізді

Бейжіңде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру мен өзара қорғау туралы келісім» жобасын талқылау келіссөздерінің бесінші кезеңі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар ұлттық мүдделерді есепке ала отырып, жекелеген нормалардың тәсілдері туралы тұжырымдамалық келісімге қол жеткізді. Келісім жобасының нақты мәтінін талқылау басталды.

Қол жеткізілген нəтижелер екі ел арасындағы сапалы халықаралық-құқықтық базаны дамытуда бірлесе жұмыс істеуді бастауы болмақ. Ол екі елдің бизнесі мен өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге негіз болады.

Анықтама: «Қазақстан Республикасы мен ҚХР инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы Келісіміне»1992 жылдың 10-тамызында қол қойылды.
2005 жылдан 2017 жылдың 9 айына дейін ҚХР-дан Қазақстан экономикасына әкелінген тікелей инвестициялардың жалпы ағыны15 млрд. АҚШ долларынан асады. Қазақстанан ҚХР экономикасына тікелей инвестицияларының жалпы ағыны 500,4 млн. АҚШ долларын құрады.