ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ТАҢДАУЛЫ 80 МЕМЛЕКЕТІ РЕЙТИНГІНЕ КІРДІ

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ТАҢДАУЛЫ 80 МЕМЛЕКЕТІ РЕЙТИНГІНЕ КІРДІ

Әлемнің ең мықты мемлекеттер тізіміндегі бірінші орынды Швейцария иеленді. Одан кейін Канада, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Швеция және АҚШ мемлекеттері ереді. Экономиканың өсу қарқыны бойынша Біріккен Араб Әмірлігі, Сингапур және Үндістан жетекші орында келеді.

US News & World Report журналының нұсқасы бойынша Қазақстан рейтингке қатыстан 80 мемлекет арасында 71-ші орынды алып тұр.  2016 жылы Қазақстан 60 елдің ішінде 55-ші орында еді.

«Қазақстан-негізгі бөлігі Орталық Азия және аздаған аумағы Шығыс Еуропаның өзінде орналасқан, теңізден алшақ жатқан әлемдегі ең ірі мемлекет. Мемлкет, ең алдымен өзінің мол табиғи ресурстарына байланысты сол орналасқан аймағындағы ең ірі экономикаға ие болуда. Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Мемлекет экономикасының өсуінің маңызды бөлігі мұнай секторымен байланысты. 1990-шы жылдардың ортасынан бастап 2010 жылға дейін жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, бағалау нәтижелері бойынша он еседен көп шамаға көтерілген. Мемлекетте, негізінен мал шаруашылығы және дәнді дақылдар саласында көрсетілген үлкен ауыл шаруашылық секторы бар. Қазақстан БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі»-деп, басылым сайтында айтылады.

Қазақстаннан кейін,рейтингте бірден Боливия, Украина, Пәкістан және Ангола орналасады. Тізімнің ең соңында Алжир(78-шы орын), Иран(79-шы орын) және Сербия (80). Ресей рейтингтің 27 жолағын алып тұр. Мемлекеттер тоғыз өлшем бойынша бағаланған: туристтік саланың дамуы, инновация, әлеуметтік сала, мәдениет, экономика даму қарқыны, бизнестің ашықтығы, халықтың жалпы өмір сүру деңгейі, сонымен қатар әлемдік аренадағы күші мен ықпалы, тарихи мұрасы.

Рейтинг Пенсильвания штатының Университеті және BAV Consulting консалтингтік компания мен US News & World Report ынтымақтастығы арқасында құрастырылған. Ол 36 мемлекеттен 21,3 мыңға жуық адамдар арасында, оның ішінде бизнес-элита өкілдері және қарапайым тұрғындар кіретін әлеуметтік сауалнама нәтижесіне негізделген.

http://newtimes.kz/obshchestvo/item/48360-kazakhstan-v-rejtinge-80-luchshikh-stran-mira