National Company for Investment Support and Promotion

«KazakhInvest» атсалысуымен қытайлық компаниялар Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістерді іске қосады

«KazakhInvest» атсалысуымен қытайлық компаниялар Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістерді іске қосады

Бүгін Бейжінде Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің отырысы барысында жалпы сомасы 13 млрд.  АҚШ долларын құрайтын  экономикалық сипаттағы 40 құжатқа қол қойылды, олардың 15-і - «KazakhInvest» атсалысуымен. Бұл келісімдерге сәйкес, Қазақстанның жер аумағында машинажасау, биотехнологиялар және т.б. салаларда жаңа жоғары технологиялық өндірістерді іске қосу жоспарланған.

«Мемлекет Басшысының Қытай Халық Републикасына сапары шеңберінде бүгін «Самұрық-Қазына» ұйымдастырған  Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесі өткізілуде. Кеңес барысында «KazakhInvest» компаниясының атсалысуымен 15 жобаға қол қойылды. Олар негізінен жоғары технологиялық, инновациялық өндірістер», - деп атап өтті «KazakhInvest» компаниясының басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев.

Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесі барысында Сапарбек Тұяқбаев «CITICConstructionCo. Ltd.» вице-президенті Джинчианг Янгпен бірлестікте жоғарғы классты жағармай, бензин және дизель фрациялары, минералдық отын және сұйылтылған көмірсутек газдары өндірісі бойынша келісімге қол қойды.

Сонымен қатар «KazakhInvest» тарапынан «HebeiHuaTongCable» компаниясымен Қарағанды облысында кабель өнімдерінің өндірісі жобасын іске асыру үшін ынтымақтастық туралы келісімге, «ФармаБейчжун-Илинь» компаниясымен Қытай медицинасы және дәрілік шөптер өсіру орталығын  құру т.б. жобаларын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бұдан басқа, бүгін «KazakhInvest» атсалысуымен «ҚазАзот» АҚ, «CathayIndustrialBiotech, Ltd.» және «CITIC ConstructionCo., Ltd.» арасында ҚР-да биохимиялық кластерді дамыту жобасын іске асыру туралы құжаттарға, «Аллюр Компаниялар Тобы» АҚ, қытайлық СМС компаниясы және «Бәйтерек» холдингі арасында автомобиль кластерін одан әрі дамыту жол картасына, «Агромашхолдинг KZ» АҚ мен «YTO» арасында Қазақстанда тракторлар құрастыру өндірісін ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға, сонымен қатар «KazakhInvest», «ECMTechnologies» француз компаниясы және қытайлық «CEEC – NWPC International» компаниясы арасында жаңартылатын энергетика (күн және су энергетикасы) облысындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.