KAZAKHINVEST ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

KAZAKHINVEST ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

KAZAKHINVEST ұлттық компаниясында инвестиция тарту бойынша компанияның басқарушы құрамына арналып ұйымдастырылған 3-күндік семинар өз жұмысын қорытындылады.

Оқытуды инвестиция саласында мол жұмыс тәжірибесі мен инвестицияларды қолдау және ықпал ету жөніндегі бірегей агенттіктердің бірі - ISPAT (Түркия) агенттігінің қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан сарапшылар өткізді.

Сарапшылар ТШИ тартудағы белсенді тәсілдемелердің тәжірибесімен, трагеттеу техникаларымен бөлісіп, клиенттерді тарту және оларды сақтап тұрудың нақты тәжірибелік мысалдарын алға тартты, сондай-ақ клиенттермен арадағы қарым-қатынасты басқарудың ерекшеліктерін де егжей-тегжейлі баяндап, инвесторларға тұрақты жобалық қызмет көрсету мен мемлекеттің инвестициялық бағыттағы жұмысын ілгерілетудің ілкімді тұстарын да тілге тиек етті.  Сондай-ақ семинар қатысушылары ТШИ тарту саласындағы жаһандық трендтар мен инвестициялық тартымдылықтың драйверлері және түрлі елдердің инвестициялық стратегияларымен де танысуға мүмкіндік алды.

Тараптар ISPAT және KAZAKH INVEST-тің  алдағы уақытта да одан әрі тұрақты негізде  ынтымақтасуының мүмкіндіктерін талқылады. 

Анықтамалық:

Түркия Республикасының премьер-министрі жанындағы инвестицияларды қолдау және ықпал ету жөніндегі агенттік (Investment Support and Promotion Agency of Turkey – ISPAT) - Түркияның халықарлық іскерлік қауымдастықта және инвесторларға олар Түркияда қызметін бастағанға дейін, қызмет ету кезінде және одан кейін де көмек көрсетудегі инвестициялық мүмкіндіктерді  жүзеге асыруға арналған ресми ұйым болып табылады.