«Kazakh Invest» қолдауымен, болаттан жасалған үлкен диаметрлі дәнекерленетін құбырларды өндіретін зауыт құрылысы бойынша «Asia Steel Pipe Corporation» инвестициялық келісімшартқа қол қойылды

«Kazakh Invest» қолдауымен, болаттан жасалған үлкен диаметрлі дәнекерленетін құбырларды өндіретін зауыт құрылысы бойынша «Asia Steel Pipe Corporation» инвестициялық келісімшартқа қол қойылды

Алматы қаласында ағымдағы жылдың соңына қарай болаттан жасалған үлкен диаметрлі дәнекерленетін құбырларды өндіретін зауыт салынатын болады. «Kazakh Invest» қолдауымен сәйкес инвестициялық келісімшартқа қол қойылды, оның аясында қытай инвесторы (CNPC еншілес компаниясы) қазақстандық серіктестерімен бірге жобаға 50 млн. АҚШ долларын инвестиция құяды және өңірде 300 тұрақты жұмыс орнын жасайды. Жобаның жалпы құны 100 млн. АҚШ долларын құрайды.

Осы зауыт Алматы қаласы Алатау ауданының Индустриалдық аймағындағы 18,3 га ауданды аумақта орналасатын болады. Жоғары технологиялық зауыттың құрылысы Қазақстанға әкелінетін құбыр өнімдерінің 70% импортын алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.

Инвесторлар құрылыс кезеңі ішінде өңірде 1000 уақытша жұмыс орындары мен зауыт іске қосылғаннан кейін 300 тұрақты жұмыс орындары жасалатындығын атап өтті.

Зауыт жыл сайын 100 мың тонна жоғары сапалы құбыр өнімдерін жеткізетін болады деп жоспарлауда. Осы дәнекерленетін құбырлар мұнайды, газды, суды және мұнай өнімдерін тасымалдауға, сондай-ақ тау-кен, құрылыс, химиялық өнеркәсіп, энергетика салаларында пайдалануға арналған. Сонымен қатар коррозиядан сақтайтын жабындар өндіру де болжанып отыр.

«Біз зауытты 2018 жылдың желтоқсанында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Алматы қаласы әкімдігімен, түрлі министрліктермен және ведомствалармен, сондай-ақ Индустриалды аймақ дирекциясымен тығыз жұмыс жүргізіліп жатыр. Болашақта өндірісті жыл сайын 150 мың тоннаға дейін кеңейту жоспарланып отыр»,-деп атап өтті «Asia Steel Pipe Corporation» ЖШС коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Раджан Нұрмұхамбетов.

Өндірістік желі өнім өңдеудің 38 түрлі әдістерін қамтиды. Болат құбырларының диаметрі 355-тен 1420 мм дейінгіні қамтиды. 

Осы жоба Қазақстандағы Республикалық Индустриалдандыру Картасына және ҚХР «Белдеу және Жол» Бастамасы» Бағдарламасына енгізілген.

Дәнекерленетін құбырлар өндірісі бойынша жобаны  іске асыру Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы  Си Цзиньпиннің 2014 жылғы кездесуі нәтижесінің арқасында мүмкін болды, осы кездесу аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен CNPC арасындағы мұнай-газ саласындағы Кешенді стратегиялық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.