National Company for Investment Support and Promotion

«Kazakh Invest» AIM ірі инвесторларымен бірқатар кездесулер өткізді

«Kazakh Invest» AIM ірі инвесторларымен бірқатар кездесулер өткізді

«Annual Investment Meeting» (AIM) жыл сайынғы VIII инвестициялық форумы аясында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы Дубаида ірі араб және халықаралық компанияларының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, «Kazakh Invest» «General Electric», «Al Ahli Holding Group», «Al Nowais Investments», «KAAF Investments», «Loukil Group», «Phoenix Global DMCC», «Royal International Group» компаниялар тобымен, «Kanoo Group», «Petromal» және басқалары сияқты ғаламдық ойыншылармен келісөздер жүргізіліп, келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар БАӘ Экономика министрлігімен, БАӘ Халықаралық инвесторлар кеңесімен (MUBADALA, DP World, Emaar, Etisalat, Borouge сияқты ірі компаниялар және басқалары мүше болып табылатын), Абу- Даби Экономикалық даму департаменті,«Fujairah Free Zone» СЭА және «Shurooq» Шаржа әмірлігінің Инвестициялар және даму агентттігімен келіссөздер сәтті жүргізілді.

Сондай-ақ AIM пленарлық сессиясында «Kazakh Invest» басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін, оның ішінде, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестиция тарту саласындағы индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын көрсетті.

Инвестиция тарту саласындағы екі жақты өзара қарым-қатынасты дамыту үшін AIM алаңында «Kazakh Invest» пен «Annual Investment Meeting» арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Кездесу нәтижесінде трансұлттық компаниялар Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаларға әлеуетті қызығушылығын көрсетті.

Кездесу нәтижесінде «Kazakh Invest» БАӘ мен Қазақстан Республикасы бизнес қауымдастықтарының инвестиция тарту, инвестициялық жобаларды қостау және іске асыру мәселелері бойынша екі жақты өзара қарым-қатынасты үйлестіруді жоспарлап отыр.

Анықтамалық: Annual Investment Meeting (AIM) әлемдегі халықаралық инвестициялық қауымдастықтың диалогтық алаңы ретіндегі ең танымал, ірі, жыл сайынғы инвестициялық конференция болып табылады.Инвестициялық конференция бағдарламасы цифрлеу, 4.0 индустрия, инвестиция тарту бойынша мемлекеттік-жеке серіктестік және әлемдік стратегия тұрғысындағы тақырыптардағы бірқатар  пленарлық сессияларды қамтиды.
 

1/3