KAZAKH INVEST ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТЕДІ

Бүгін ҚР сыртқы істер министрлігінде ҚР-дағы шетел елшіліктерінің экономикалық өкілдеріне арналған «Kazakh Invest» ҰК шетелдік инвесторларды қолдауы бойынша мүмкіндіктері мен қазақстандық экономиканың инвестициялық-тартымды секторларының презентациясы өтті.

Шараға СІМ, Kazakh Invest және Қазақстандағы шетел елшіліктерінің қызметкерлері қатысты, солардың ішінде Сауд Арабиясының, Ливияның, Оманның, Литваның, Ватиканның, Палестинаның, Иранның, Австрияның, Польшаның, Беларусьтің, Нидерландының, Түркияның, Венгрияның, Кореяның, Ұлыбританияның, Чехия, Үндістан, Ирак, Тәжікстан, Германияның, Бразилияның, Финляндия мен Швецияның өкілдері бар. 

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев сөз сөйлеу барысында Қазақстанның инвестициялық ахуалы, инвестициялар тарту қызметі және шетелдік инвесторларды «бір терезе» қағидасы бойынша сүйемелдеу, шетелде және аймақтарда инвесторлармен жұмыс жасау туралы, мемлекеттік қолдау мен жеңілдіктер жайында айтып берді. Сондай-ақ, ол шара қатысушыларын машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, сауда, химия, инфрақұрылым, тау-кен-металлургия кешені секілді экономиканың басымдықты секторларына инвестиция салу мүмкіндіктерімен таныстырды.

Қазіргі таңда Kazakh Invest-тің көмек көрсетуімен бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр, олардың қатарында: Алматы облысында Mareven Food Holdings Limited трансұлттық компаниясының дайын азық-түлік өнімдері мен жартылай дайын өнім шығару зауытының құрылысы, АЭА аумағында Phoenix Global DMCC ТҰК-ның экструдерленген азық шығару зауытының құрылысы, ирандық Empire Food компаниясының ірі ет өңдеу кешенінің құрылысы және т. б.

Айта кетейік, Kazakh Invest-тің Қазақстанның барлық аймақтарында және шетелдерде өкілдіктері бар. Қытай, Ресей,Түркия, АҚШ-та өкілдіктері ашылған, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінде кеңселерін ашу жоспарланып отыр. Шетелдегі өкілдіктерінің негізгі міндеті шетелдік компаниялармен байланыс орнатып, инвесторлық қызығушылықтарын тудыру болып табылады. 

Kazakh Invest өкілдері инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша шетелдік компанияларға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді, қызығушылық танытқан компаниялардың Қазақстанға сапарын ұйымдастырады.

Осы орайда ұлттық компания ҚР СІМ-мен белсенді жұмыс жүргізеді, оның ішінде шетелдерде ақпараттық-имидждік жұмыстарды жүзеге асырумен шетелдік серіктестерімен өзара ынтымақтастықты нығайту бар.

Тамыз айының басында Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оны жүзеге асыру аясында Жол картасы әзірленеді. Бұл министрлік пен ұлттық компанияның ҚР Президенті айқындаған инвестициялық-экспорттық міндеттерді іске асыру бойынша бірлескен жұмысын жүйелеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде Kazakh Invest инвестицияларды тарту жұмыстарын күшейтіп жатыр, оның ішінде ҚР шетелдік өкілдерінің және шетелдік мекемелерінің шетелдік бизнес қауымдастығымен бірлескен жұмыстары қамтылған. Негізгі операциялық жұмыстар мақсатты салалар аясында критерийлерге аса сай келетін басымдықты салалар мен басымдықты елдерге бағытталған. Түпкі мақсат — көшбасшы компаниялардың түпкілікті тізімінен әлеуетті инвесторларды іріктеп алып, оларға әзірленген инвестициялық ұсыныстар ұсыну, бұдан соң келіссөздер жүргізу қолға алынбақ.

Шара соңында «Сұрақ-жауап» сессиясы өтті, оның аясында қонақтар ҚР СІМ мен Kazakh Invest қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, қосымша ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.