KAZAKH INVEST КОМПАНИЯСЫ «АСЕАН КӨРМЕСІНДЕ КӨРМЕ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ» ЖӘНЕ «ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА САЛЫНҒАН ЕҢ ЗОР ҮЛЕС» МАРАПАТ

Бүгін «Қытай-АСЕАН» халықаралық көрмесінде «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы бірден 2 марапат алды – «Көрме павильонының үздік ұйымдастырушысы» және «Инвестициялық ынтымақтастыққа салынған ең зор үлес». KAZAKH INVEST басқарушы директоры Әділхан Өмірбаевқа марапатты ҚХР Гуанси-Чжуан автономдық ауданының (ГЧАА) губернаторы Чэнь У (Chen Wu) табыстады.

Көрме ұйымдастырушылары Қазақстанның Ұлттық стендін ең көрнекті стендтердің бірі ретінде атап өтті және KAZAKH INVEST компаниясына қазақстандық компанияларға қолдау көрсеткені және Қазақстанның әр-түрлі өнімін көрсеткен 20 стендті ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтты.

«Қытай-АСЕАН» халықаралық көрмесі Наньнин қаласында 14-ші рет өткізіліп отыр және әлемдегі ең ірі сала көрмесі болып табылады. KAZAKH INVEST осы көрмеге алғаш рет қатысып отырғандығын атап өтейік. Қазақстаннан келген әр-түрлі компаниялардың қатысуының арқасында Қытай мен басқа елдердің кәсіпкерлерінде байланыстарды жолға қою және жабдықтарды жасау, табиғи ресурстарды игеру, энергетика және қоршаған ортаны қорғау, заманауи технологиялар, өнеркәсіптік парктерге инвестициялар жылжыту және қаржы сервистері саласында ынтымақтастық жасау бойынша келіссөздер жүргізу мүмкіндігі пайда болды.

- АСЕАН қытайлық серіктестермен байланыстарды жолға салу және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін маңызды платформа болып табылады, - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ директоры Әділхан Өмірбаев. – Біз бірден екі марапат алғанымызға қуаныштымыз және Қазақстанның осы көрмеге қатысуы елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайтатынына сенімдіміз.

АСЕАН көрмесінде өз өнімдерін көрсететін компанияларға «Рахат» АҚ, «Цесна Астық» Концерні, «Евразия Инвест LTD» ЖШС, «Қаржау» шаруа қожалығы, «Абзал и Компания» серіктестігі, «ТК Фарм-Ақтөбе» ЖШС, «Қазақ Туризм» Ұлттық компаниясы, «Бал Текстиль» компаниясы, ASIA WATERS, «Eurasian Foods Corporation» холдингі, «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС, «Карат» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, «Аллюр Групп», «Кэмонт» АҚ, «Қазфосфат» АҚ, «TENIR-LOGISTIC» ЖШС енгізетінін еске салайық.