KAZAKH INVEST ӨҢІРЛІК ДИРЕКТОРЛАРЫ ҮШІН СЕМИНАР

KAZAKH INVEST ӨҢІРЛІК ДИРЕКТОРЛАРЫ ҮШІН СЕМИНАР

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі павильонында өңірлік директорлармен бірлесіп, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қызметінің негізгі бағыттарын талқылау бойынша семинар өтті.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мақсат Қабашев:

- Өңірлерде компанияның өкілдері тағайындалғандығын еске салып өтейін. Олар инвесторлардың барлық проблемалық мәселелерін уақытылы шешу және өңірлерде қолайлы инвестициялық климатты тудыру жолымен жергілікті деңгейде жұмысты күшейтетін болады.

Семинар барысында өңірлерде жұмысты тиімді ұйымдастыру және инвестицияларды қолдау және тарту бойынша келесі жұмысты жақсарту бойынша жоспарлар талқыланды. Компания қызметінің аралық қорытындылары жасалды.

Анықтама үшін: «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясымен Компанияның өңірлік директоры мен оның орынбасарын тағайындаумен өңірлерде инвесторларды қолдау бойынша жұмыс ұйымдастырылды, директордың және директордың орынбасарының басты міндеті елге тікелей шетел инвестицияларын тарту, шетел инвесторларын қолдау және өңірлердің әкімдерінің деңгейінде инвесторлардың проблемалық мәселелерін жедел көтеру құқығына бөлеумен жетекшілік ететін өңірлердің жергілікті атқарушы органдарында инвесторлардың мүдделерін қорғау болып табылады. Осының барлығы жер-жерде инвесторларға көмек көрсету кезінде бюрократияны азайтуға және шетел инвесторларының жергілікті атқарушы органдармен тікелей байланысын болдыртпауға мүмкіндік береді.