KAZAKH INVEST ҚОЛДАУЫМЕН 590 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ СОМАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

KAZAKH INVEST ҚОЛДАУЫМЕН 590 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ СОМАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін, 9 қыркүйек күні, Түркиядағы Қазақстанның Елшілігінің және «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның қолдауымен жалпы сомасы 590 миллион АҚШ долларына инвестициялық құжаттарға қол қойылды. Келісімдер және меморандумдар «Calik Holding», «Yildirim Holding», «Yildizlar SSS Holding», «Agrobest Group» және басқа ірі түрік холдингтерімен жасалды.

Құжаттардың шеңберінде Қазақстанның әр-түрлі өңірлерінде құрылыс материалдарын, машина жасау, химия өнеркәсібі, тау-металлургиялық сектор, энергетика өнімдерін өндіру бойынша жобаларды іске асыру жоспарланады.

Соңғы бес жылда түрік инвесторларымен 667,5 млн. АҚШ доллары сомасына 18 жоба іске асырылғандығын еске салып өтейік. Жақын болашақта жаңа 10 жобаны іске асыру жоспарланады.

ҚР Президенті 2016 жылдың сәуірінде Стамбул қаласына барған сапарынан кейін түрік шағын және орта бизнес өкілдерінің тарапынан да, сондай-ақ трансұлттық компаниялардың тарапынан да Қазақстанға деген қызығушылықтың оқыс өскендігін атап өткен жөн. Түрік компаниялары Қазақстанды дайын өнімді ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне келесі экспорттаумен өз өндірістерін орналастыру алаңы ретінде қарастырады. Одан басқа, соңғы үш жылда Түркиядан келген инвесторлар Қазақстанда қайта инвестициялауды және өз өндірістік қуаттарын өсіруді белсенді бастады.

Жалпы бүгінгі күні қазақстандық-түрік инвестициялық бастамалардың жалпы пакеті жалпы сомасы 2,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 70 жобаны енгізеді, олардың ішінде 31 жоба іске асырылды, және шамамен 40 жоба перспективалы және іске асырылуы мүмкін. Түркиядан ҚР-на ТШИ-ның 2005 жылдан бастап 2017 жылдың 1 тоқсанына дейін келуі $ 2,1 млрд. құрады. 2017 ж. 6 айының қорытындылары бойынша сыртқысаудалық айналым 925,1 млн. құрады (2016 ж. ұқсас кезеңімен өсу 36,1%-ды құрады). 2017 ж. 1 шілдесіне ҚР-да 4114 заңды тұлға тіркелді, олардың ішінде 1831 әрекет етеді.