ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Бүгін Қарағанды облысының күндері аясында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының павильонында Қарағанды облысының инвестициялық потенциалының тұсаукесері өтті. Шараға шетел елшіліктері, инвесторлар және өнеркәсіптік кәсіпорындар қатысты.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров сөз сөйледі. Шара барысында Қарағанды облысының инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ облыстың агроөнеркәсіптік кешені, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы, «IsoPlus Central Asia» ЖШС шетел инвесторының қызметі және Қарағанды облысының шағын және орта бизнесінің мүмкіндіктері жөнінде ақпарат ұсынылды.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Нұрсултан Жиенбаев Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, шетел инвестицияларын тарту бойынша ұлттық компанияның қызметі, сондай-ақ инвестицияларды тарту үшін экономиканың тартымды секторлары туралы әңгімелеп берді.

Сондай-ақ, жергілікті үлесті дамыту және қазақстандық тауарларды танымал ету мақсаттарында кездесу барысында Қарағанды облысының тағам саласының тауарларын дегустациялау ұйымдастырылды, атап айтқанда: «REN-MILK» ЖШС (балмұздақ), «Эфес Казахстан» ЖК АҚ (қарағанды сырасы) және «Восточные сладости» компаниясы (нан-тоқаш өнімі).

Сол күні Қазанат ипподромының аумағында орналасқан «Этноауылда» Қарағанды облысының Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтті.