National Company for Investment Support and Promotion

Италияндық компаниялар АПК саласындағы жобаларға қызығушылық танытып отыр.

Италияндық компаниялар АПК саласындағы жобаларға қызығушылық танытып отыр.

Италияда 20-дан астам ірі италияндық компаниялар және мемлекеттік органдар басшыларымен кездесу барысында  «Kazakh Invest» өкілдері  Қазақстанның инвестицялық мүмкіншіліктерімен таныстырды. Италияндық компаниялар АПК, энергетика және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылықтарын білдірді.

Кездесу кезінде «Bonifiche Ferraresi» компаниясымен Қостанай облысында макарон өнімдерін шығаратын зауыттың құрылысын салу мәселесі талқыланды.  Аталмыш өнім италияндық технологиялар негізінде жергілікті шикізаттан өндіріледі және негізінен экспортқа бейімделетін болады деп жоспарланып отыр.

АПК-да ынтымақтаса жұмыс істеу мәселелері сондай-ақ, Италияның тағам жабдықтарын өндіру Қауымдастығының президенті Марио Гелатимен және Аймақтың Коммерциялық палатасының өкілі Тоскан Нади Кривеллимен кездесу барысында да қарастырылды.

Бұдан өзге, Миланның Кәсіпкерлер палатасы жеміс-көкөністі өнімдерді өндіруге арналған жылыжайлардың құрылысын салу жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Ломбардия Аймағының (Милан)  Ауыл шаруашылығы Министрлігінің басшылығымен кездесу кезінде «Kazakh Invest» тарапынан Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды және сүт пен жеміс-көкөністі өнімдерді өңдеу жөніндегі жобаларды қарастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

«Kazakh Invest» делегациясы сондай-ақ  Лигурия Аймағындағы бу-газды турбиналар өндіру зауытына және Ломбардия Аймағындағы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытына барды. Осы компаниялармен кездесулер барысында жаңа энергия-түрлендіргіш қуаттылықтарды және Қазақстанда қоқыс өңдеуді жетілдіру және құру жөніндегі бірқатар жобалар талқыланды.

Миланда италияндық «ENI» компаниясымен кездесу өткізілді, оның барысында Ақтөбе облысында қуаттылығы 50 МВ жел электр станциясының құрылысын салу жобасын жүзеге асыру талқыланды.

«Kazakh Invest» тарапынан италияндық компаниялардың, Италияның  SACE Мемлекеттік экспорттық-кредиттік агенттігінің және CDP Италияндық мемлекеттік қарыз берушінің қатысуымен жобаларды қаржыландыру шарттары қосымша пысықталатындығын атап өткен жөн.