National Company for Investment Support and Promotion

Германия экономикасының Шығыс комитеті Қазақстандағы инвестициялық климатты оң бағалап отыр  

Германия экономикасының Шығыс комитеті Қазақстандағы инвестициялық климатты оң бағалап отыр  

Бүгін Астана экономикалық форумының қарсаңында Берлин Еуразиялық клубының 23-отырысы «Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасы – Неміс орта бизнесінің мүмкіншілігі ме?» атты тақырыпқа өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары «Kazakh Invest» пен ҚР Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі болды. 

Іс-шараға қатысушылар Германия Еуропалық одақта Қазақстанның стратегиялық серіктесі болып табылатындығын атап кетіп, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. 

«Бүгін инвесторлар, оның ішінде неміс инвесторлары іске асыра алатын мүмкіндіктердің барлық пулын көрсетіп отыр. Бұл жаңа инвестициялық стратегия, жер қойнауы туралы заңнамадағы өзгерістер, Англия құқығы негізінде АХҚО құру және басқалары. Осы форумда Инвестициялар және даму министрлігінің, АХҚО, «Kazakh Invest» өкілдері заңнамадағы осы жаңалықтарды және бар мүмкіндіктерді көрсете алды», - деп атап кетті «Астана» халықаралық қаржы орталығының меңгерушісі Қайрат Келімбетов.

Іс-шара барысында неміс тарапының өкілдері инвестициялық ынтымақтастықты технологиялық даму шеңберінде белсендіру қажеттігін атап кетті. 

«Біздер Қазақстандағы инвестициялық климатты өте жақсы деп бағалаймыз. Бұл барлық халықаралық рейтингтерде аталып отыр. Қазақстанның үздік халықаралық практиканы негізге алатыны өте маңызды. Неміс бизнесі де бұны жан-жақты және баса назар аударып белгілеп отыр. Бізде үлкен неміс компанияларының Қазақстанға келуіне қатысты алғашқы тәжірибеміз бар. Қазіргі уақытта орта неміс бизнесін тарту өте маңызды деп ойлаймын. Олар көптеген салаларда көшбасшы болып табылады, сондықтан бұл біздің технологиялық ынтымақтастыққа күш салу тұрғысынан ерекше қызықты болады. Осы жерде «Kazakh Invest» нақты инвестициялық жобалар бойынша ақпарат пен қолдау беріп өте үлкен роль атқарады», - деп атап кетті Германия экономикасының Шығыс комитетінің меңгеруші директоры Михаэль Хармс.

Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров Германиядан келген инвестициялардың шамамен 90 пайызы бірінші кезекте өңдеуші секторға бағытталғанын атап кетті. «Атап айтқанда осы секторға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвесторларды стратегиялық тұрғыдан тарту керек. Неміс бизнесінің осы жолдауды қабыл алғанын, Германия компанияларының мемлекеттік индустриаландыру бағдарламасына қатысуға қызығушылықтарын көрдеп мәлімдеді Е.Хаиров.

Форум кезінде «Kazakh Invest» басқарма төрағасының орынбасары марат Бірімжан Қазақстанда қандай инвестициялық мүмкіндіктердің бар екендігі туралы толығырақ айтып, неміс компанияларын Жекешелендіру бағдарламасына қатысуға шақырды: «Қазақстан – бұл транзиттік ел ғана емес, жақын жатқан елдерге өз өндірісіңді экспорттауға болатын ел. «Kazakh Invest» инвесторларға перспективалы инвестициялық жобаларға, сондай-ақ жекешелендіру бағдарламасын іске асыруға қатысты нақты ақпарат береді», - деп атап кетті ол.

Іс-шара қорытындысы бойынша неміс тарапы ҚР өткізіліп отырған экономикалық реформалардың маңыздылығын жоғары бағалады және әрі қарайғы ынтымақтастыққа деген қызығушылығын білдірді. 

Анықтамалық: Берлин Еуразиялық Клуб (БЕК) еуропалық және азиялық мәдениеттер арасында сараптамалық диалогты нығайтуға бағытталған Еуропадағы Қазақстанның осындай текті бірінші жобасы болып табылады. БЕК хатшылығы қызметін ФГР ҚР Елшілігі мен жаһандық экономика саласында өзекті халықаралық проблемамен айналысатын елдің жетекші экономикалық ұйымы - Германия экономикасының Шығыс комитеті айналысады. 

1/1