National Company for Investment Support and Promotion

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТАМАҚ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ БОЙЫНША ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

2017 жылғы 16 мамырда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті және Mareven Food Holdings Limited ірі трансұлттық компаниясының қазақстандық жобасы болып табылатын инвестор «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС арасында инвестициялық келісімшартта қол қойылды.

Инвестициялық келісімшартқа қол қоюға ағымдағы жылғы сәуірде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен Mareven Food Holdings Limited арасында өзара түсіністік туралы меморандумға жасасу болып табылады, оның мақсаты басым инвестициялық жобаларды қолдау және қазақстандық жақтан оны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық келісімшарт жасаған кезде инвестордың есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100%-ға азайту, жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану және мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу сияқты жеңілдіктер алуға құқығы бар. Сондай-ақ, кедендік баждар салудан босатылатын технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар импорты кезiнде кедендік баждар салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.

Mareven Food Holdings Limited азық-түлік өнімдерін өндіру және жартылай фабрикаттарды кеңінен тұтыну инфрақұрылымдық жобаларына, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ тікелей инвестициялар бойынша қазіргі заманғы жүйелерді өңірлерде дистрибуция құруға және дамытуға маманданған. Холдинг акционерлерінде 70-тен астам елдерде инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша табысты тәжірибелері бар.

2015 жылы «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы инвестициялық жобаны іске қосты. Бұл жоба - Алматы облысының аумағында өндіретін зауыт тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар құрылысын қамтиды. Құрылыстың жалпы жоспарланған инвестициялық көлемі Қазақстанға шыққанға дейінгі жобалық қуаты - бірнеше ондаған миллион АҚШ доллары. Сонымен қатар, компания жергілікті өндірушілерден жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін және жартылай фабрикаттарды қол жетімді бағамен қамтамасыз етуге, Қазақстанның ішкі нарығын Еуразиялық аймақтың көрші елдеріне ұсынуға мүмкіндік береді. Өндіру үшін шикізат үлесінің негізгі қазақстандық жеткізушілерден сатып алынатын болады. Жобаны іске асыру, жергілікті халыққа 600-ге дейін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Инвестициялық келісімшартты жасау процессін заңды сүйемелдеу EY Қазақстан халықаралық консалтингтік компаниясымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы арқылы  «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-не жобаны іске асыру барысында туындаған мәселелер қатарын шешуге қолдау көрсетеді. Қазіргі уақытта қызметтің басым түрлері тізімін кеңейту бойынша ҚР заңнамасына өзгерістерді енгізу, сондай-ақ салық кодексінен компанияның инвестициялық қызметіне кедергі жасайтын кейбір нормалар және шектеулерді жою бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Kazakh Invest» компаниясы, «Инвесторға кедергі жасамай көмектесу» негізгі ұстанымына сүйене отырып, әрбір инвестициялық жобаның барлық кезеңінде шетелдік инвесторларға толық жәрдемдесу және қолдау көрсететін болады. Инвесторлар әрқашан компанияның +7 (727) 620620 телефонына немесе invest@invest.gov.kz электронды поштасына хабарласып, Қазақстанның инвестициялық және бизнес жүргізу аспектілері бойынша кәсіби кеңес алуға болады.

 

 

Анықтамалық ақпарат:                                                                           

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті» Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мекемесі болып табылады. Комитеттің міндеттері: арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істеу және тарату саласында мемлекеттік саясатты құрастыру және іске асыру және инвестицияларды қолдау мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу болып табылады.

 «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы* Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту саласындағы уәкілетті орган болып табылады. Шетелде өзіндік өкілдердің кең желісі бар. 
«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «бір терезе» қағидасы бойынша инвестициялық жобаларды идеядан бастап іске асыруға дейінгі толық қызмет шоғырын қолдауды қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары бойынша бірыңғай үйлестіруші орталық ретінде әрекет жасайды. 
*Казахстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес №100 01.03.2017ж. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталды.

Mareven Food Holdings Limited кең тұтыну азық-түлік өнімдерін және жартылау фабрикаттарды өндіру бойынша инфрақұрылымдық жобаларға тікелей инвестициялар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша, сондай-ақ қатысу аймақтарда қазіргі дистрибуция жүйелерін құру және дамытуға инвестициялармен маманданады. Компания Қазақстанда «МаревенФуд Тянь-Шань» ЖШС ашты және Алматы облысының аумағында дайын азық-түлік өнімдерін және жартылай фабрикаттарды өндіру бойынша зауыттың құрылысын бастады.

EY Қазақстан аудит, салық салу, заңгерлік қызметтер, мәмілелерді сүйемелдеу, соның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес беру саласында халықаралық көшбасшысы Ernst&Young компаниялар тобының құрамына кіретін компания болып табылады. EY Қазақстан бизнес-мақсаттарға жетуде қолдау көрсете отырып, әлем бойынша және ТМД елдерінде экономиканың әртүрлі салаларының көптеген компаниялармен өзара іс-қимыл жасайды.