ЦЕСНА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБЫСТЫ ЭКСПОРТТЫҚ БРЕНДІ

«Цесна-Астық» концернінің басшылығы Ауғанстанға ұн және макарон өнімдерін жеткізу туралы сомасы 10 миллион АҚШ долларын құрайтын шартқа қол қойды. Ауған тарапымен бұл келісімге қол қою, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен жиі өткізіліп тұратын іс-шараларда (бұрынғы – «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ), өнімдері экспортқа бағытталған қазақстандық ірі өндірушілердің белсенді қатысуы арқылы мүмкін болды. «KAZAKH INVEST» ұйымдастыруымен соңғы бизнес-форум форматындағы сауда миссиясы Кабул қаласында өтті және ауған серіктестер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Соңғы 10 жылда «Цесна» сауда белгісінің өнімдері ауған азық-түлік нарығында тұрақты сұранысқа ие екендігін атап өткен жөн. Жыл сайын мұнда, Made in Kazakhstan  өнімдеріне сұраныстың артқанын көрсететін, жергілікті тұтынушылардың жоғарғы бағасына лайықты ие болған, Қазақстанның жетекші брендінің 30 000 тонна ұн және макарон өнімдері жеткізіледі. Жергілікті нарықты талдаудан кейін концерннің басшылығы, азық-түлікке сұраныс жоғары Ауғанстанға тауарларды жеткізуді ұлғайтуға шешім қабылдады. «Цесна» сауда белгісінің өнімдері  Кабул және Мазари-Шариф ірі қалаларына жеткізілетін болады.

«Цесна-Астық» концерні мен «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің арасындағы ынтымақтастық 2010 жылы бастау алды. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ экспортты ілгерілету қызметінің бас менеджері Айсұлу Сұлтанмұратова айуынша: «Біздің бірлескен қызмет кезеңде «Цесна-Астық» ЖШС өкілдері экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау аясында, біз ұйымдастырған барлық іс-шараларға қатысты, шетелде өз бизнесін ұлғайту үшін жаңа байланыстар орнатып,  Ресей, Түркіменстан, Алмания, Қытай және Ауғанстан елдерінде өзін жақсы ұсынды».

қазақстанның астық өңдеу өнеркәсібіндегі жетекші кәсіпорындардың басшылары отандық экспорттаушыларды қолдау мәселесінде мемлекеттің баға жетпес көмегінің маңыздылығын атап айтуда. «Цесна-Астық» ЖШС Бас директорының айтуынша: «KAZAKH INVEST» ұйымдастыруымен өткізілетін сауда миссяларына қатысу, шетелдік компаниялармен тиімді серіктестік орнатуға және біздің өнімдерді экспортқа сәтті шығаруға көмектеседі».