Баспасөз релиздері

Орталық Азия елдері инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмысқа мүдделі

Орталық Азия елдері инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмысқа мүдделі

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаев кездесуі барысында аймақаралық жобаларға инвестиция тарту мәселесін талқылады.

Екі жақты кездесу инвестициялық климатты жақсарту және аймақтық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі жұмыстардың жалғасы ретінде өткізілді. Еске салайық, ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Үкіметте Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевтың кездесу барысында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туризм индустриясы, сондай-ақ цифрландыру және смарт-қалаларды дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, металлургия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс материалдары және химия өнімдері салаларында Қырғызстанға экспорттау спектрін кеңейту перспективалары талқыланды. Бұдан басқа, өңіраралық және шекарааралық әріптестік мәселелері қаралды.

Қырғыз тарапы «Kazakh Invest» ұлттық компаниясында қолданылатын шетелдік кәсіпкерлермен жұмыс істеу жүйелік тәсілге, Астана халықаралық қаржы орталығының және Astana Hub IT-стартаптары халықаралық технопаркінің жұмысына қызығушылық танытты.

«Біз Елбасының Сыртқы істер министрлігіне инвестициялар мен экспортты тарту бойынша өкілеттігін беру туралы жарлығымен мұқият таныстық. Қазіргі таңда инвестиция тарту өте қиын. Біздің өңірде елдер арасында бәсекелестік деңгейі өте жоғары. Бізде инвесторларға ұсынатын жобалар аз емес. Егер мүмкіндік болса, біз сіздерге осы саладағы тажірибе алмасу үшін өз қызметкерлерімізді жібергіміз келеді», - деп толықтырды Жээнбек Кулубаев.

Өз кезегінде, Сапарбек Тұяқбаев компанияның шетелдік кәсіпкерлерді Қазақстанға тарту жөніндегі жұмысы туралы толығырақ айтып берді. Атап айтқанда, ол «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді идеядан іске асыруға дейін және кейінгі инвестициялық кезеңде қолдау және инвестициялық жобалардың орындалуын қадағалау және мониторингілеу үшін арнайы CRM жүйесінің жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге