Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі Вадуцта талқыланды

Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі Вадуцта талқыланды

Вадуц, 2021 жылдың 11 мамыры – Вадуцқа жасаған жұмыс іссапары барысында Қазақстанның Швейцариядағы және Лихтенштейндегі (қоса атқарушы) Елшісі Әлібек Бақаев князьдік Үкіметтің басшысы Даниэль Риштің қабылдауында болды. Әңгіме барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібі мен әлеуетін талқылады.

Іссапар шеңберінде Елші Лихтенштейннің ресми және іскер топтарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, ол Вадуцтың бургомистрі Манфред Бишофпен экономика, қаржы, мәдениет және туризм саласында екі ел астаналарының арасында тікелей байланыстар құру мүмкіндіктерін талқылады.

Лихтенштейн Сауда-өнеркәсіп палатасының директоры Бригитте Хааспен кездесу үстінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты институционалдық түрде тереңдету мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Әлемдік деңгейде қаржы орталық ретінде танылған Лихтенштейннің іскерлік топтарын «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықтың мүмкіндіктері қызықтыратынын атап өткен жөн. Тиісті бағыт Елшінің LGT Group банк холдингінің топ-менеджментімен кездесуі барысында егжей-тегжейлі талқыланды.

Қаржы-банк секторымен қатар Лихтенштейн экономикасының негізін өнеркәсіп саласы (ЖІӨ-нің 40% - на дейін) қамтамасыз етеді. Іссапар барысында Елші ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылау үшін әлемдік нарықта өз салаларында жетекші орын алатын Hilti, Balzers Optics, Ospelt Food, Hoval және Ivoclar Vivadent компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Лихтенштейн бизнес-қауымдастығы Қазақстанның экспорттық әлеуетінің және инвестициялық ахуалдың артықшылықтарымен таныстырылып, Қазақстандағы нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Сапардың маңызды тармағы ретінде Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы мәдениет және өнер саласындағы байланыстар дамыту мәселелері талқыланды. Лихтенштейн Ұлттық музейінің директоры Райнер Фолькоммер мен Елші Вадуц қаласында Қазақстанға арналған тарихи және көркем көрмелерін өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Іссапар Қазақстанның  Лихтенштейндегі құрметті консулы Фолькер Шмидтің белсенді қатысуымен және жәрдемдесуімен өтті.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге