Баспасөз релиздері

Американдық агробизнестің көшбасшылары «Tyson Foods» және «Valmont Industries» Қазақстанға инвестициялайды

Американдық агробизнестің көшбасшылары «Tyson Foods» және «Valmont Industries» Қазақстанға инвестициялайды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің АҚШ-қа жұмыс сапары шеңберінде американдық агробизнес көшбасшыларымен Қазақстанда ет өндірісі және суландыру жүйелері жөніндегі кәсіпорындарды ашуға инвестициялау туралы келісімге қол жеткізілді.

А. Маминнің АҚШ-тағы ірі ет өнімдерінің өндірушісі «Tyson Foods» компаниясының басшылығы – Президент Н. Уайтпен және Директорлар кеңесінің төрағасы Д. Тайсонмен келіссөздерінің қорытындысы бойынша Қазақстанда заманауи агромультипротеиндіки индустрияны дамыту бағдарламасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

Құжат бірінші кезеңде Қазақстанда күніне 2 мың басқа жуық өнімділігі бар заманауи ет өңдеу кешенінің құрылысын қарастырады. Кәсіпорын қазақстандық нарықтың сұранысын қанағаттандырудан басқа, елдегі жылдық ауылшаруашылық табысты $1 млрд артық қамтамасыз ете отырып, өнімді шетелдік нарықтарға да экспорттайды.

Осылайша, Қазақстанның орталық, оңтүстік және шығыс өңірлерінде әр қайсысының өнімділігі тәулігіне 2 мың басқа жуық үш заманауи ет өңдеу кешендерінің құрылысы жоспарлануда, бұл 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.


«Tyson Foods» жобаны қазақстандық «Kusto Group» компаниясымен бірлесіп іске асырады. Өндірістік цикл қазақстандық фермерлерге кеңес беру, жергілікті жерлерде мамандардың біліктілігін арттыру және кәсіби-техникалық оқытуды қарастыратын «Экстеншн» американдық қызмет үлгісі бойынша ақпараттық-кеңес беру қызмет көрсетуімен сүйемелденілетін болады.

«Tyson Foods» - Қазақстанға ет өндірісін дамытуға және фермерлік шаруашылықтардың мал басын арттыруға серпін беру үшін қажетті тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі компания. Кәсіпорынның ашылуы ет өндірісінің дамуын ынталандырудан басқа, АӨК– ветеринария, аграрлық машина жасау, жемдеу мәдениетін дамыту, жемдеу алаңдарын құру және т.б. басқа іргелес салаларын да ынталандыруға ықпал етеді. Жоба Қазақстанның ауыл шаруашылығында он мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», - деді А. Мамин.

Өнімнің 60-70%-ын – жылына 150 мың тоннадан кем емес өнімді шетелдік нарықтарға экспорттау жоспарлануда, бұл Қазақстанның әлемнің ірі ет және протеиндер өндірушілерінің қатарына кіруге мүмкіндік беретінін атап өту керек.

Келіссөздер барысында «Tyson Foods» компаниясының Президенті
Н. Уаит Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту үшін қажетті су және жер ресурстары, сондай-ақ, жақсы темір жол және автомобиль инфрақұрылымы бар деп атап өтті.

«Сіздің ел Қытай және Ресеймен шекаралас қолайлы географиялық орында орналасқан, сонымен бірге Орталық Еуропаға бағытталған көлік желісі де бар».- деді Н. Уаит

Омаха қаласында Қазақстанның Үкімет басшысы Небраска штатының губернаторы П. Рикеттспен және суландыру жүйесі нарығындағы жетекші компания «Valmont Industries» Президенті С. Каниевскпен кездесті.

Тараптар келешек серіктестік және механикаландырылған суландыру, телекоммуникациялар, жаңартылатын энергетика, инфрақұрылымдық құрылыс, сондай-ақ, аграрлық ғылым мен білім үшін жоғары технологияларды пайдалану тәжірибесімен алмасу мәселелерін талқылады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Kusto Group» қазақстандық компаниясы және «Valmont Industries» американдық компаниясы арасында Қазақстанда тиімді суландыру қағидаттары және ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру туралы келісімге қол қойылды.

Құжат Қзақстанда 2022 жылы жылдық қуаттылығы 1 мың фронталды және айналмалы суғару машиналар «Valley» ирригациялық қондырғылар өндірісі жөніндегі зауыттың құрылысын қарастырады. Американдық ирригациялық технологиялар өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы саласында су шығынын 50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұдан арғы жылдары біздің еліміздегі кәсіпорын өндірісін телекоммуникация, жаңартылатын энергетика және инфрақұрылымдық құрылыс үшін құрылғылар шығаруға дейін кеңейту жоспарлануда. Республикада өндірілетін өнім отандық нарық қажеттілігінен басқа, сыртқы нарықтардағы экспорттық әлеуетті дамытуды да қамтамасыз етеді.

«Valmont Industries» қолданатын алдыңғы қатарлы технологиялар өсімдік шаруашылығына және мал шаруашылығы үшін жемдеу базасын құруға мультипликативтік әсер етеді», - деді Қазақстандық министрліктер кабинетінің басшысы.

А. Мамин Қазақстан 2022 жылға қарай суарылатын жерлер көлемін 1,4 миллионнан 2 млн га дейін, ал 2030 жылға қарай – 3 млн. га дейін арттыруды жоспарлап отыр деп атап өтті.

Барлығы 11 жыл ішінде Қазақстанда өсімдік шаруашылығы мен жемдеу шаруашылығын дамыту үшін «Valmont Industries» 4 мың бірлік техникасы қолданылатын болады. қазақстанда өндірілетін «Valmont Industries» машиналары мен құрылғылары отандық АӨК қажеттілігін қамтамасыз етуден басқа, көршілес елдерге экспортталатын болады.

Ресми іс-шаралар KAZAKH INVEST қолдауымен ұйымдастырылды деп деп атап өтіледі.

2005 жылдан бастап 2018 жыл аралығында АҚШ-тың Қазақстанға жалпы тікелей инвестициялар ағыны $40 млрд құрады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-ғы американдық инвестициялар $5,3 млрд жетті.

Бүгінгі күні республикада американдық капиталдың қатысуымен 500-ден астам компаниялар қызмет етеді, оның ішінде Primus Power, Spancrete, Uber, Starbucks, McDonalds және Netflix компаниялары бар.

Анықтама үшін:

Tyson Foods, Inc. – әлем бойынша ірі тамақ өнімдерін өндірушілердің бірі және ақуыз өндірушілері саласында танылған көшбасшы. 1935 жылы негізі қаланған компания табысы $42,4 млрд құрайды. Компания Tyson®, Jimmy Dean®, Hillshire Farm®, Ball Park®, Wright®, Aidells®, ibp ® және State Fair® сияқты ауқымды өнім ассортименті мен брендтерге ие. Штаб-пәтер Арканзас штатының Спрингдейле қаласында орналасқан. Компанияда 120 000 астам адам қызмет етеді.

2018 жылы жалпы табысы бойынша АҚШ-тың «Fortune 500» ірі корпорациялары  тізімінде 80-орынға ие болды.

«Tyson Foods» АҚШ-тың ірі тауық, сиыр және шошқа етін өндірушісі бөлшек дүкен жеткізушілері, қоғамдық тамақтанудың ауқымды ассортименті мен жедел тамақтанудың ұлттық желісі және мейрамханалары үшін қосылған құны бар толық қызмет секторын ұсынады: сиыр мен шошқанын жас еті, тауық, сиыр, шошқа етінен жасалған мұздатылған дайын өнім, дайын сиыр және шошқа еті, тауық өнімдерінің гастрономиялық супермаркеті, пиццериялар мен мұздатылған пиццаны бөлшек сату үшін ет топпингтері, тауық, сиыр және шошқаның клубтық дүкені, сиыр еті боршасы және жұқа нан.

Valmont Industries, Inc. – механикаландырылған ирригациялық машиналардың әлемдік өндірушісі және жеткізішісі. Компания 1954 жылы құрылды. Valmont's Valley брендінің құрылғылары мен «Valоley» халықаралық дистрибюторлық компанияны бүкіл әлем ирригациялық қондырғылар мен сервистік қызметтердің сенімді және инновациялық көзі деп біледі.

2018 жылдан бастап KAZAKH INVEST Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында «Valmont Industries» компаниясымен жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Бұл кезең аралығында АҚШ-та келіссөздер жүргізілді, орталық және жергілікті атқарушы органдармен және отандық фермерлермен кездесу үшін компанияның Қазақстанға бірнеше сапары ұйымдастырылды.

Келіссөздер күн тәртібінде – Қазақстанда жалпы сомасы $50 млн құрайтын су үнемдеу ирригациялық жүйелер мен өңірлік көрсету фермалар өндірісі жөніндегі зауытты салу.

Сурет  primeminister.kz сайтынан 


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге