Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Канада коронавирустық кезеңнен кейінгі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Канада коронавирустық кезеңнен кейінгі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Канада «Пандемиядан кейінгі Қазақстан мен Канаданың ынтымақтастығы: қалпына келтіру және даму» Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесі IV отырысының қорытынды пленарлық сессиясы шеңберінде онлайн-конференция режимінде сауда, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

ҚКІК-ке 700-ден астам қазақстандық және канадалық салалық министрліктердің, мемлекеттік органдардың, шетелдік мекемелер өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен екі елдің бизнес-қоғамдастығының мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасының Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов, ҚР экология, геология және минералды ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев және «Казатомпром» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов сөз сөйледі.

Канада тарапынан шағын бизнес, экспортқа жәрдемдесу және халықаралық сауда министрінің Парламенттік хатшысы Рейчел Бендаян, Депутат, халықаралық сауданы әртараптандырудың бұрынғы министрі және Канаданың табиғи ресурстар министрі Джим Карр, Cameco Corporation президенті және бас директоры Тимоти Гитцель, Канаданың Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Маргарет Скок және т.б. спикерлер болды.

Пленарлық сессияны аша отырып, Ресей мен Еуразиядағы канадалық іскерлік қауымдастығының (CERBA) төрағасы Жиль Бретон Іскерлік кеңес бес жылдан астам уақыттан бері ақпарат алмасу және екі ел арасында сындарлы іскерлік диалог жүргізу үшін тиімді платформа ұсынып келе жатқанын атап өтті.

«Жаңа жағдайда Канада мен Қазақстан арасындағы экономикалық қатынастарды дамыту біздің басымдығымыз болып қала береді. Сондай-ақ, біз бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін екі елдің бизнес-қоғамдастықтарының белсенді өзара іс-қимылына үміт артамыз. Біз Қазақстан басшылығының ел экономикасына теріс әсерді азайту, оның ішінде қолайлы инвестициялық ахуалды қолдау жөніндегі іс-қимылын оң бағалаймыз», - деп атап өтті Жиль Бретон.

Пленарлық сессия шеңберінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев Қазақстан экономикасының басым салаларының инвестициялық әлеуеті мен мүмкіндіктерінің тұсаукесерін жасады.

«Бүгінде Қазақстан Канаданың Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. Канаданың жаһандық нарықтар бойынша іс-қимыл жоспарында Қазақстан канадалық компаниялар үшін кең мүмкіндіктері бар басым әріптес ретінде белгіленген. Өз кезегінде біз канадалық бизнестің Қазақстандағы жұмысқа деген жоғары қызығушылығын атап өтуіміз қажет. KAZAKH INVEST әлеуетті серіктестерге дайын бизнес-жоспар, қаржы моделі және жергілікті серіктесі бар кез келген басым саладағы жобаларды ұсына алады. Бұдан басқа, біз жобаларды идеядан бастап пайдалануға беруге дейін және инвестициялық кейінгі кезеңде іске асырудың барлық сатыларында сүйемелдеуге дайынбыз», - деп атап өтті спикер.

Өз кезегінде Канада халықаралық қатынастар бөлімінің бас экономисі Мари-Франс Паке: «Канада мен Қазақстан арасындағы қатынастар негізінен Канаданың Қазақстанға тікелей инвестицияларымен және уран импортымен байланысты. Соңғы 5 жылда Қазақстанға канадалық тікелей инвестициялардың өсуі байқалады, бұл экспорт көлемінен 20 есе артық. Канададан Қазақстанға шетелдік инвестициялардың орташа жылдық өсу қарқыны 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде шамамен 26%-ды құрайды. Осылайша, Қазақстан Азия мен Океания өңірінде канадалық инвестициялар көлемі бойынша 8-ші орын алады».

Іс-шара барысында тараптар ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, металлургия, энергетика, құрылыс, көлік және аэроғарыш өнеркәсібі сияқты салалардағы ынтымақтастық және инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Айта кету керек, тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізге Канададан тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $6 млрд құрады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге