Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Үндістан агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Үндістан агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Үндістан «Қазақстанмен өзара іс-қимыл: ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер» вебинары шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.

Вебинарда ҚР Үндістандағы Елшісі Е. Әлімбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Н.Дайырбеков, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ инвестицияларды тарту департаментінің директоры Ж. Темірғали, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Үндістандағы шетелдік өкілі А. Нұралина сөз сөйледі.

Үнді тарапынан спикер ретінде Үндістанның Қазақстандағы елшісі П.Кумар, Үндістанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ауыл шаруашылығы және қайта өңделген тамақ өнімдерінің экспортын дамыту басқармасының (APEDA), «Yes Bank» агробизнес және тамақ өнеркәсібі бөлімшесінің өкілдері, Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі үнді компанияларының басшылары сөз сөйледі.

Вебинар аясында тараптар үнді және қазақстандық компаниялар арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін, оның ішінде ішкі нарық пен өнім экспортының қажеттіліктеріне бағытталған өндірістерді құру мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылады.

Сөз сөйлеу барысында Жандос Темірғали агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан экономикасының стратегиялық секторларының бірі болып табылатынын, оның маңыздылығы күн санап артып келе жатқанын атап өтті.

«Орасан зор ресурстық базаның, стратегиялық орналасудың және Еуропа мен Азияның ірі нарықтарына қолжетімділіктің арқасында біздің еліміз осы саланы дамыту үшін зор әлеуетке ие. Өсіп келе жатқан миллиардтық Үндістан үшін Қазақстан негізгі азық-түлік тауарларын өндіру үшін сенімді база бола алады. Осыған байланысты, біз үнді компанияларын Қазақстан аумағында АӨК секторында, соның ішінде дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеу, ет және сүт өнімдерін өндіру, қарқынды бау-бақша шаруашылығы, картоп және басқа да көкөністерді қайта өңдеу инвестициялық жобаларын іске асыруға шақырамыз. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Ұлттық компаниясы АӨК түрлі бағыттары аясында 40-тан астам нақты инвестициялық ұсыныс дайындады, олар әлеуетті үнді инвесторларына жіберілетін болады», - деп хабарлады Ж.Темірғали.

Аталған вебинарды Үндістанның сауда-өнеркәсіп палатасы ASSOCHAM және Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараға үнді компанияларының 60-тан астам өкілдері қатысты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге