Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Беларусь серіктестікті нығайтуда

Қазақстан мен Беларусь серіктестікті нығайтуда

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға ресми сапары аясында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Беларусь бизнес-форумы өткізілді.

Аталған іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин, сондай-ақ, екі елдің ресми және іскерлік топтарының 200-ден астам өкілдері қатысты.

Диалог алаңның ұйымдастырушы ретінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қатысты.

Форум барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық серіктестігін одан әры дамыту мәселелеріне және бизнесті жүргізудің практикалық аспектілеріне аса назар аударды. Сонымен бірге, кәсіпкерлік қауымдастығының алдында тұрған әлеуеттері мен міндеттері талқыланып, Қазақстан мен Беларусь елдерінің бизнес-құрылымдары арасында жаңа байланыстар орнатылды.

Іс-шараның қатысушылары инвестициялық саясатты іске асыру саласында өзара ықпалдасуды нығайтуға деген келісілген ұмтылысты атап өтті. Пленарлық отырыстар барысында Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Павел Утюпин, Қазақстан Республикасының Индустрия дәне инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабай, Беларусь Ауыл шаруашылық және азық-түлік өнеркәсібі министрлігінің, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының, «Промагролизинг» ААҚ өкілдері баяндамамен сөз сөйледі.

Өзінің алғашқы сөзінде Қазақстанның министрлер кабинеті басшысының орынбасары Роман Скляр инвестициялық серіктестіктің келешегі мен инвесторларды тартудың қолда бар құралдары, сондай-ақ, Қазақстан мен Беларусь елдерінің экономикалық ықпалдасуының жаңа мүмкіндіктері жайында баяндап берді.
         "Бүгінгі таңда бізде өндірістік кооперация саласында бірқатар жобамыз бар. Семей және Қостанай қалаларында "Беларусь" Минск трактор зауытының тракторларын құрастыру, сондай-ақ "Агромашхолдинг KZ" АҚ базасында "МАЗ" жүк тіркемелері мен "Essil" астық жинау комбайндарын шығару бойынша жұмыс жүргізілуде. Мұндай жобалар көп болуы керек деп есептеймін. Ол үшін мемлекет шетелдік инвесторларға белсенді қолдау көрсетуге дайын", - деді Роман Скляр.

Сонымен бірге, Беларусь Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Александр Турчин беларусь кәсіпкерлерінің жергілікті бизнесмендермен серіктестік құруға деген қызығушылығын, сондай-ақ, екіжақты сауда дамыту мәселелерін атап өтті.

Форумның қорытындысы бойынша тараптар машина жасау, агроөнеркәсіптік кешені және фармацевтика салаларында жалпы сомасы $75 млн құрайтын 15 келісімге қол қойды.

Тәуелсіздік алған мезеттен бастап және осы күнге дейін Беларусь әлемдік алаңда Қазақстанның жетекші әріптестерінің бірі болды. Соңғы жылдары екі ел арасындағы қатынасқа стратегиялық сипатта елдердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы және қызмет етуі маңызды ырғақ берді.

Әлеуметтік-экономикалық және стратегиялық қатынастардың түрлі салаларында Қазақстан-Беларусь серіктестігінің келісімдік-құқықтық базасы 70-тен астам келісімдер мен шарттардан тұрады.

Бүгінгі күні сауда экономикалық серіктестік жөнінде Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясы құрылып тиімді қызмет етуде.

2005 жылдан 2019 жылдың 2 тоқсаны аралығында Беларуссияның Қазақстандағы жалпы инвестициялық ағымы $1 млрд жуық соманы құрады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымы $712 млн құрады. Қазақстанның Беларуссияға экспорты $105 млн құрады.

Беларусь елінен негізгі импортталатын тауарлар: мал және өсімдік шаруашылығы өнімдері, минерал және былғары өнімдері, тоқыма өнімі, құрылыс материалдары, халық тұтыну тауарлары, ағаш-қағаз заттары, көлік құралдары және құрауыштар мен отын-энергетика тауарлары.

Негізгі экспортталатын тауарлар: химия өнеркәсібінің өнімдері, металлдар және оның бұйымдары, ағаш және орман материалдары, аяқ киім және бас киім бұйымдары, мал және өсімдік шаруашылығының өнімдері, минералды өнімдер, былғары шикізаты, бағалы аң терісі және оның бұйымдары.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Беларусь капиталының қатысуымен 350-ден астам кәсіпорындар сәтті қызмет етуде.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге