Баспасөз релиздері

Германия Еуропалық Одақтың «жасыл» бағдарламасы аясында Қазақстанмен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруда

Германия Еуропалық Одақтың «жасыл» бағдарламасы аясында Қазақстанмен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруда

Берлин Еуразиялық клубының 30-шы отырысы барысында Еуропалық Одақтың «Green Deal» бағдарламасын іске асыружаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы екіжақтыынтымақтастықсондай-ақ ЕО-ның «жасыл» және цифрлықэкономикаға көшу жоспарларын іске асыру үшін қажетті шикізаттыңмаңызды түрлерін жеткізу мәселелері қаралды.

Клуб отырысын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Скляр, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары М. Баймұхан, ГФР СІМ Мемлекеттікхатшысы М. Бергер және Герман экономикасы Шығыс комитетінің басқарматөрағасы О. Гермес ашты. Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан мен Германияның100-ге жуық үкіметтік және іскерлік топтарының өкілдері, соның ішінде ҚР ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов, «Volkswagen», «BMW», «SAP», «Knorr-Bremse», «Deutsche Bahn», «Weidmüller Holding», «Henkel», «Linde», «Hermann Paus Maschinenfabrik GmbH», «Hermann Paus MaschinenfabrikGmbH», «DMT GmbH» және т. б. қатысты

Бейнеконференцбайланыс режиміндегі құттықтау сөзінде Роман Скляр ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың пандемия кезінде экономиканың тұрақты өсуінқамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі бастамаларынұсынды. Оның айтуынша, «жасыл экономиканы» дамыту басым бағыттардыңбірі болып табылады.

«Энергия тиімділігі, кәсіпорындарда ең озық қолжетімдітехнологияларды енгізу, «жасыл» қаржыға қолжетімділікті кеңейту жәнежасыл технологияларды енгізуді ынталандыру мәселелері ерекше назараударылатын негізгі бағыттар. ҚР мен ГФР, ортақ құндылықтармен бөлісетінелдер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялықынтымақтастықты нығайту және дамыту қажет деп санаймын», - дедіР.Скляр.

Өз кезегінде, ГФР СІМ Мемлекеттік хатшысы М.Бергер «еуропалықжасыл курс» жобасын іске асыру барысы туралы айтып берді, оның мақсатыпарниктік газдардың бөлінуін 55%-ға қысқарту бойынша көрсеткіштерге қолжеткізу болып табылады.

Панельдік пікірталас барысында қатысушылар «жасыл энергетика» саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, шикізаттық, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы әріптестік туралыүкіметаралық келісім шеңберінде ынтымақтастықты жандандыру жөніндегібірлескен қадамдар қаралды.

Сонымен қатар, екіжақты кездесулер аясында ҚР Сыртқы істерминистрінің орынбасары М.Баймұхан және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғ.Өзбеков әріптестікті дамыту жәнегерманиялық «DERA», «Redpath Deilmann GmbH», «B. T. Innovation Gmbh», «Vorwerk & Co» және «Teppichwerke GmbH & Co. KG» компанияларыныңбасшыларымен бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруперспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша неміс бизнесмендері кілем өндіру, ҚР аумағында тау-кен металлургия кешені жобалары үшін жабдықтар жинаужәне тұрғын үй нысандарын салу бойынша жобаларды іске асыруғақызығушылық танытты. Сонымен қатар, БЕК отырысына қатысушыларҚазақстан мен Германияның экономикалық байланыстарына пандемияныңтеріс салдарын азайту бойынша бірлескен іс-қимылдарды үйлестірудіжалғастыруға келісті.

Іс-шараны ҚР ГФР-дағы Елшілігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚГермания экономикасының Шығыс комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.

Анықтама: Берлин Еуразиялық клубы 2012 жылы ҚР ТұңғышПрезиденті Н.Ә.Назарбаевтың және ГФР Сыртқы істер министрініңбұрынғы вице-канцлерініңХ.-Д. Геншердің бастамасы бойынша Берлин Еуразиялық клубы көрнекті саясаткерлерхалықаралық сарапшыларҚазақстанныңГерманияның және Еуропаның басқа да елдерінің ғылыми-қоғамдық және іскерлік орталарының өкілдері тарапынан қатысу үшінашықЕуразиялық идеялар мен мақсаттарды бөлісетін бейресми диалог платформасыретінде құрылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге