Баспасөз релиздері

Неміс компаниясы Алматыда аса жеңіл ұшақтар шығаруды қолға алмақ

Неміс компаниясы Алматыда аса жеңіл ұшақтар шығаруды қолға алмақ

Фридрихсхафен қаласында (Германия) «AERO Friedrichshafen» жалпы мақсаттағы авиацияның 30-шы көрмесінің алаңында Германияның «Flight Design GmbH» және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ бірлескен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шара аясында Flight Design компаниясы Компанияның Қазақстанда CT сериялы аса жеңіл ұшақтарды шығару жоспарлары туралы айтып берді.

20240418_120411.jpg

Көрме барысында 38 елден 700-ден астам компания Фридрихсхафен әуежайында орналасқан әлемдегі ең заманауи көрме орталықтарының бірінде саланың соңғы өнімдерін ұсынды. Еуропадағы ең үлкен көрмеге 35000-нан астам адам қатысты, олардың 63%-ы ұшқыш лицензиясына ие.

Flight Design Бас директоры Даниэль Гюнтердің айтуынша, ұшақтар шығару жобасы Алматы қаласындағы АЭА аумағында «Вираж» компаниялар тобымен бірге іске асырылатын болады. Бұл үшін Тараптар «Flight Design Kazakhstan» бірлескен кәсіпорнын құрады. Ұшақтар жергілікті және шетелдік нарықтарда сатылатын болады.

Өз кезегінде KAZAKH INVEST-тің Германиядағы ресми өкілі Сәкен Олжабаев конференция қатысушыларына инвесторлардың құқықтарын қорғау құралдары, преференциялар және Қазақстандағы шетелдік компанияларды қолдаудың басқа да шаралары туралы ақпарат берді. Ол сондай-ақ қатысушыларды еліміздің арнайы экономикалық аймақтарының артықшылықтары және табысты іске асырылған қазақстандық-германдық жобалар туралы хабардар етті. Өз сөзінің соңында өкіл қатысушыларды Қазақстанда авиациялық жобаларды іске асыруға шақырды.

IMG-20240418-WA0024 (1).jpg

Flight Design 25 жылдан астам тәжірибесі бар ультра жеңіл ұшақтар өндірісінің көшбасшысы. Компанияның экспортқа бағдарланған өнімдері уәкілетті дилерлердің халықаралық желісі шеңберінде сатылады. Бүгінгі таңда компанияның ұшақтары әлемнің 40-тан астам елінде ұшады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге