Адам ресурстары

Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері

Аты 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016
Экономикалық белсенді халқы, мың. адам 8 611 8 775 8 982 9 041 8 962 9 075 8 999
Жұмыспен қамтылған халық, мың. адам 8 114 8 302 8 507 8 571 8 510 8 624 8 553
Жалдама жұмыскерлер, мың. адам 5 409 5 581 5 814 5 950 6 110 6 295 6 343
Өздігінен жұмыспен қамтылған, мың. адам 2 705 2 720 2 693 2 621 2 400 2 329 2 210
Жұмыссыз халық, мың. адам 497 473 475 471 452 451 445
Жұмыссыздық деңгейі,% 6 5 5 5 5 5 5

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

 

Қазақстандағы орташа айлық жалақы, KZT

2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016
77 566 89 959 101 079 108 640 120 455 136 094 154 632

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

 

Білікті мамандар
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы кадрларды шетелде дайындау үшін«Болашақ»стипендиясын тағайындады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қазақстан серіктестерінің тізімінде мынадай жетекші әлем университеттері бар: Гарвард университеті, Массачуссетс технологиялық институты, Оксфорд және Кембридж университеттері, Лондонның Имперский колледжі, Чикаго университеті, Колумбия университеті, Калифорния технологиялық институты және т.б.

1993 жылдан бастап 2014 жыл аралығында, әлемнің 35 мемлекетінің 170 үздік ЖОО-да мына мамандықтар бойынша 12 000 адам «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары атанды: «ақпараттық технологиялар мен жүйелер», «өнеркәсіптік инжиниринг», «ақпараттық технологиялар», «телекоммуникациялық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі», «құрылыс және сәулет», «авиациялық және ракета-ғарыштық техника», «аграрлық техника және технология» және басқалары. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары 52%-техникалық, 43%-гуманитарлық және 5%-медициналық білім алды. 

«Болашақ» стипендиясын іске асыру тетігін жетілдірудің мақсатты саясатының нәтижесі «Болашақ» стипендиясының 2014 жылы Майамидегі Going Global VIII халықаралықконференциясында осы тектес 11 стипендиялық бағдарлама арасында үздік деп танылуы.

"ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ" АҚ

 

2010 жылдың маусым айында Астана қаласында «Назарбаев Университет» атты халықаралық деңгейдегі теңдесі жоқ білім беру жобасы іске қосылды. Университет Қазақстанның ұлттық бренді болуға лайық. Бүгінгі таңда әлемнің ең үздік 30 жоғары оқу орындарының қатарына кіретін университеттермен ынтымақтастық туралы 11 келісім мен шарт жасалды. Олардың ішінде - UCL (University College London), Duke University, iCarnegie, University of Wisconsin-Madison, UPenn (University of Pennsylvania), LKY School of Public Policy (National University of Singapore) және т.б. Университетте оқу үшін білім беру грантының мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 500 грант бөлінген.

Шетелде оқуды қаржыландыру жөніндегі көптеген халықаралық бағдарламалар Қазақстанда жүзеге асырылуда: Edmund S. Muskie Graduate Fellowship Program, Fulbright, DAAD, Erasmus Mundus Master Courses, KOICA, FCO Chevening, Open Society Institute және т.б.

Стратегия

Университет Стратегиясы еліміздің барлық жоғары оқу орындары үшін үлгі болып саналатын жоғары білім берудің озық моделін қалыптастыру мақсатында Университеттің тиімді және серпінді дамуын қамтамасыз ететін негізгі стратегиялық мақсаттар мен бағыттарды айқындайды. Стратегияда Университеттің 2013-2020 жылдарға арналған миссиясы, пайымдауы, стратегиялық мақсаттары, даму кезеңдері және қызметкерлердің, оқытушылардың, студенттер мен зерттеушілердің бірлескен күш-жігерлерінің нәтижелері баяндалған.

Пайымдауы:

Қазақстанға және әлемге олардың дамып, өркендеуіне қажетті ғалымдар мен мамандарды, менеджерлер мен кәсіпкерлерді даярлау.

Миссиясы:

Қазақстанда жоғары білім және ғылым жүйесінде реформалар жүргізу моделі болып, Астананың инновациялар мен білімнің халықаралық орталығы ретінде қалыптасуына үлес қосу

Стратегиялық мақсаттары:

I мақсат: Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудағы көшбасшылық

Университет тәжірибесінің қазақстандық жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарына таратылуын қамтамасыз ету

II мақсат: Академиялық көшбасшылық

Академиялық көшбасшылықты дамыту және қолдау арқылы Университеттің миссиясына жету

III мақсат: Ғылыми көшбасшылық

Әлемнің танымал ғалымдарымен және зерттеу орталықтарымен әріптестікте әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулер жүйесін қалыптастыру

IV мақсат: Денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету моделін жасау

Университеттің денсаулық сақтау жүйесін Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсету моделі ретінде жасау

Цель V: Инновациялар және ғылымды өндіріске енгізу

Қазақстандағы инновациялардың негізгі қозғаушы күші болу және Астананың өңірлік инновациялар орталығына айналуы үшін негіз жасау

 

Ақпарат көзі: Назарбаев Университет