National Company for Investment Support and Promotion

Тарих

Қазақстан аумағын адамдар бұдан миллион жыл бұрын игере бастаған.

Қазақстан аумағында Тамғалы шатқалында (Алматы облысы) ЮНЕСКО-ныңәлемдік мәдени мұрасы тізіміне енген адамның ең көне қоныс орны табылған.

Төрт мыңжылдық бұрынқола дәуірі кезінде Қазақстан аумағында егіншаруашылығы және мал шаруашылығымен айналысқан тайпалар мекендеген, олар әскерикүйме арбаларын меңгерген тамаша жауынгерлер болған. Тіпті сол кезеңдерде мыс кен орындарын өңдеу басталған, олар әлі деқолданылады, бұл - Жезқазған және Саяқ мыс карьерлері.

Біздің дәуірге дейінгі VI -III ғасырларда қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағындағы Жетісуда «сақтардың» алғашқы мемлекеті пайда болған (гректер оларды «скифтер» деп атаған).Сақтардың патшаларысонымен қатар жоғарғы абыздар рөлін де атқарған. Сақтардыңөз жазуы, мифологиясы және ғылыми әдебиетте «аң стиліндегі өнер» деп аталғанәлемдік деңгейдегі үздік өнері болған. Сол кезде алтын мен қоладан жасалған бір тума зергерлік бұйымдар бүгінгі күнге дейін әлем мұражайларының экспозицияларын көркейтіп тұр. Солардың ішіндегі ең атақтысы «Алтын адам».

VI ғасырдың екінші жартысындағы жазба ескерткіштерде«түркі» деген термин кездеседі. Қазақстанның аумағында VI ғасырдан XIII ғасырдың басына дейін бірін бірі ауыстыра отырып Батыс-Түркі, Түргеш, Қарлұққағанаттары, оғұз, қараханид, кимек, қыпшақ мемлекеттері тіршілік еткен. Қазақстанның аумағы арқылы Қытайдан ТаяуШығыс және Еуропа елдеріне апаратын керуен жолдарының жүйесі–Ұлы Жібек жолы өткен. Ұлы Жібек жолының бойымен тек сауда тауарларығана емес, Шығыс пен Батыстың мәдени дәстүрлері, діни нанымдары, өнердің алуан түрлері: сурет өнері, сәулет өнері және музыка таратылған.

XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығы құрылды. Алғашқы хандар билеген кезде орын алған қожалық аумағын кеңейту, мемлекеттілікті нығайту, белсенді сыртқы саясат кейінолардың өзара тартыстарына ауысты. XVIII ғасырдың басынан бастап қазақ жеріне жасалған жоңғар шапқыншылықтары жиіледі. Осындай қиын экономикалық және саяси жағдайда Ресей құрамына кіру мәселесі көтерілді, ал бұл кезең шамамен 150 жылға созылды.

1917 жылғы төңкерістен кейін Қазақстанда Кеңес үкіметі орнады.


Қазіргі заманғы Қазақстанның тарихы

1991 жыл

  • Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта құрылды, республиканың мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.
  • Семей ядролық полигоны жабылды.

1992 жыл

  • Қазақстан БҰҰ, ЕҚЫҰ және ЭЫҰ ұйымдарының құрамына кірді.
  • Қазақстан ядросыз мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге қосылды.

1993 жыл

  • Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды.
  • Ұлттық валюта – теңге енгізілді.

1997 жыл

  • «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы» Стратегиясы қабылданды.

2000 жыл

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылды.

2006 жыл

  • Ірі мемлекеттік корпорациялардың активтерін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатымен «Самрұқ» мемлекеттік холдингі құрылды.
  • Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторындағы инвестициялар мен инновациялық қызметті ұлғайту үшін «Қазына» Тұрақты даму қоры құрылды.

2007 жыл

  • Ұлттық қорға шикізат секторының (сонымен қатар мұнайды өткізуден) кіріс бағытытуралы шешім қабылданды, сәйкесінше, мемлекеттік бюджет «мұнайдан түсетін ақшаны» қолданбай құрылады.

2008 жыл

  • Еліміздің экономикасы мен қаржылық жүйесін тұрақтандыру жөніндегі жоспар қабылданды.
  • Тұрақтандыру жоспарын іске асырудың негізгі операторы жаңадан құрылған «Самұрық-Қазына» қоры болып табылады.

2010 жыл

  • 2010-2014 жылдарға арналған Жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды.
  • Ресей және Беларусьпен Кедендік одақ құрылды.
  • Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы Төрағалығы.

2011 жыл

  • Кедендік Одақ аясында Ресей, Беларусь және Қазақстан шекараларында кедендік бақылау алынып тасталды.

2012 жыл

  • Астана қаласы "ЭКСПО-2017" өткізу орны болып жарияланды, көрменің тақырыбы "Болашақ энергиясы".
  • Бірыңғай Экономикалық кеңістік құрылды (Ресей, Беларусь және Қазақстан).

2014 жыл

  • Еуразия экономикалық одағын құру (Қазақстан, Ресей және Белоруссия), сондай-ақ оған Армения және Қырғызстан Республикаларын қосу туралы шартқа қол қойылды, ол 2015 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енеді.

2015 жыл

  • Еуразия экономикалық одағы (Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Армения және Қырғызстан) өз күшіне енді.
  • Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірді.

2016 жыл

  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Қазақстан Республикасы 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды