Тамақ өнімдерінің өндірісі

Тамақ өнімдерінің өндірісі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызы бар сала болып табылады. Тамақ өнімдерін тұтынудың өсуімен және тұтыну құрылымының неғұрлым сапалы өнімдер жағына өзгеруімен ел халқы өсуінің орнықты үрдісі қалыптасты. Сектор шикізатты жеткізуші ретіндегі ауыл шаруашылығы өндірісімен тығыз байланысты. Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар тұтыну орталықтарының (қалалар, ірі кенттер) жанында шоғырланған.

Өңдеуші өнеркәсіп көлеміндегі тамақ өнімдері өндірісінің үлесі 2008 жылғы 18,6%-дан 2013 жылы 16,5%-ға дейін төмендеді, бұл ретте 2008 - 2013 жылдар аралығында тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 56,0%-ға ұлғайды.
Тамақ өнімдері өндірісі саласындағы ЖҚҚ 2008 - 2013 жылдар аралығында 1,5 есе ұлғайды.
Тамақ өнімдері экспортының көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 17,1 %-ға төмендеп, 902,1 млн. АҚШ долл. құрады. Тамақ өнімдерінің импорты дәл осы кезеңде 17,4%-ға өсіп, 2 446,5 млн. АҚШ долл. құрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

Тамақ өнімдері өндірісі құрылымындағы негізгі үлесті астық өңдеу саласы (23,5%), сүт өңдеу (16,3%), нан және нан-тоқаш өнімдері (15,3%), ет өңдеу (13,4%), жеміс-көкөніс (8,1%), май-тоң май (7,8%) және өзге де салалар (15,6%) алып отыр.

 

Қызметтің басым түрлері

  • Етті өңдеу және консервілеу
  • Үй құсының етін өңдеу және консервілеу
  • Еттен және үй құсы етінен жасалған өнімдер өндірісі
  • Балықты, шаянтектестерді және ұлуларды өңдеу және консервілеу
  • Картопты өңдеу және консервілеу
  • Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі
  • Жемістер мен көкөністерді өңдеу мен сақтаудың өзге түрлері
  • Майлар мен тоң майлар өндірісі
  • Маргарин мен осыған ұқсас жануарлар тоң майларының өндірісі
  • Сүт өңдеу және ірімшік өндірісі
  • Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі
  • Крахмал және крахмалдан жасалатын өнімдер өндірісі
  • Нан өндіру ісі; ұннан дайындалған жаңа пісірілген кондитерлік тағамдарды, торттар мен тәтті тоқаштар өндірісі
  • Қатырлақ нан мен печенье өндіру; ұзақ уақыт сақтауға арналған ұннан дайындалған кондитерлік бұйымдарды, торттарды, тәтті тоқаштар, бәліштер мен бисквиттер өндірісі
  • Макарон өнімдерінің өндірісі
  • Қант өндірісі
  • Какао, шоколад және қанты көп кондитерлік бұйымдар өндірісі
  • Шай және кофе өңдеу
  • Дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі
  • Балалар тағамы мен емдәмдік тамақ өнімдерінің өндірісі

 

Басым жобалар

2015 - 2019 жылдар аралығындағы кезеңде тамақ өнімдерінің өндірісі саласында мыналарды: құс шаруашылығы өнімдерін (құс етін, жұмыртқа өндіру); сүт (құрғақ сүт, сары май, ірімшік және сүзбе, тағамдық сүт, ашыған сүт өнімдері); ет (мұздатылған, консервіленген, шұжық және ұқсас бұйымдар); балық (мұздатылған балық, балықтың жон еті, дайындалған және консервіленген балық); дәнді дақылдар (ұн, макарон бұйымдары, крахмал, ұлпа, инулин және басқалары); май (өсімдік майы, маргарин өндіру); көкөністер мен жемістер (шырындар, көкөніс және жеміс консервілері); қант, кондитерлік бұйымдар (қанттан, шоколад пен қанттан жасалған, жаңа піскен және ұзақ сақтаудағы нан-тоқаш кондитерлік бұйымдарынан) қайта өңдеу жөніндегі басым жобаларды іске асыру көзделеді.

Бізбен хабарласыңыз

Қосымша ақпарат қажет болса, бізге хабарласыңыз



Or leave your details and we will contact you as soon as possible

Сұраныс жіберу