National Company for Investment Support and Promotion

Визаларды рәсімдеу тәртібі

Визалық қолдауды ресімдеу үшін шақырушы ұйым СІМ мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. Бекітілген үлгідегі шақыру-хат.
  2. Консулдық алым және қызметтер төлемі туралы түбіртек немесе төлем тапсырысының түпнұсқасы.
  3. ҚР СІМ КҚД-не ағымдағы жылда алғаш рет хабарласқан ұйым мынадай құжаттардың натариуспен куәландырылған көшірмелерін тапсыруы қажет:
  • Жарғы
  • Қазақстан Респубдикасының Әділет министрлігінде тіркелгені туралы куәлік
  • салық төлеушінің қарызының бары/жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы
  • туристерді шақырған жағдайда туристік қызметке арналған лицензия.
  1. Ұйым атынан сенімхат.
  2. Шақырылған тұлғаның бекітілген үлгіде электронды түріндегі мәліметтері.
  3. «Инвесторлық» санатындағы визаны рәсімдеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің инвестициялар жөніндегі Комитетінің өтініші.

Шақыру-хат 3 данада дайындалады: екі данасы ҚР СІМ КҚД-іне, үшіншісі шақырылған тұлғаларға.

Келіп түскен өтініштер 3-5 тәулік ішінде өңделіп, ҚР СІМ-нің шетелдік мекемелерге визаларды беру туралы нұсқауларын бағыттаған соң визалық қолдау номерін хабарлайды. Бұны шақырушы ұйым шет елдік азаматқа қазақстандық визаны алу үшін консулдық мекемеге беруі қажет.


 

Астана қ. СІМ байланыс мәліметтері:
Тел: +7 7172 72 04 70, +7 (7172) 72 04 71, факс: +7 (7172) 72 05 16;
Мекен-жайы: Д.Кунаева көш., 31 үй.

Алматы қ. СІМ өкілдігі: 
Тел: +7 (727) 272-07-40; факс: +7 (727) 272-04-01
Мекен-жайы: Әйтеке би көш., 65 үй.