National Company for Investment Support and Promotion

Шетел азаматтарын тіркеу

Иммигранттар Қазақстан Республикасының халықаралық және жолаушылар қатынасы үшін ашық Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық келісімдермен басқасы қаралмаса, төлқұжаттар немесе Қазақстан Республикасының визалары болған жағдайда, оларды алмастыратын құжаттар бойынша Қазақстан Республикасына кіреді және Қазақстан Республикасынан кетеді.

Қазақстан Республикасының тиісті тараппен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісімі бойынша басқа тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасында уақытша болатын иммигранттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен күннен бастап бес күнтізбелік күннен артық уақыт өтсе, олардың уақытша тұруға рұқсаты (тіркеуі) болуы керек.
 

  1. Дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттарға ие;
  2. Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының «дипломатиялық», «қызметтік», «инвесторлық» санаттарымен келген, немесе Қазақстан Республикасының уәкілетті органының инвестициялар мәселелері бойынша (болудың визасыз режимі бар мемлекеттер үшін) «инвестор» мәртебесін растаған жағдайда;
  3. 16 жасқа толмаған иммигранттар төлқұжаттарды тіркеуден босатылады.

Австралия Одағы, Венгрия, Италия Республикасы, Монако Князьдігі, Бельгия Корольдігі, Испания Корольдігі, Нидерланды Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Швеция Корольдігі, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур, Ұлыбритания Біріккен Корольдігі және Солтүстік Ирландия, Америка Құрама Штаттары, Германия Федеративтік Республикасы, Финляндия Республикасы, Франция Республикасы, Швейцария Конфедерациясы және Жапония азаматтары 2015 жылғы 16 шілде мен 2017 жылғы 31 желтоқсан аралығында олардың Қазақстан Республикасында болу уақыты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен сәттен бастап он бес күнтізбелік күннен аспаса, Қазақстан Республикасына визасыз кіреді және Қазақстан Республикасынан кетеді.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін ұзарту туралы өтініш беру кезінде жоғарыда аталған тармақта көрсетілген азаматтармен іскерлік мақсатта он бес күнтізбелік күннен аса уақытқа ұзарту туралы өтініш берілген жағдайда, отыз күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге берілетін «іскерлік» санаттағы бір реттік визалар беруді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары мұнда жоғарыда көрсетілген мемлекеттердің азаматтарының мәртебесін растайтын инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтініші болған жағдайда, тоқсан күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге «инвесторлық» санаттағы бір реттік визалар беруді жүзеге асырады. 
 

Қабылдаушы (шақырушы) тұлғалар немесе қонақ үй қызметтерін ұсынатын жеке және заңды тұлғалар ішкі істер органдарын оларға келген иммигранттар туралы олар келген уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде қабылдаушы тараптың тіркелген орнына қарамастан ақпараттандыруға міндетті.



Қазақстанның басқа аймақтарына кету

Қазақстанның басқа аймақтарына бес күнтізбелік күннен артық мерзімге кеткен кезде немесе иммигрант Қазақстан Республикасында уақытша тұрғылықты орнын ауыстырса, қабылдаушы заңды немесе жеке тұлға үш жұмыс күні ішінде, бұл туралы ішкі істер органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.


Тұрғылықты орнын өзгерту 
Тұрғылықты немесе уақытша орынды өзгерткен кезде, иммигранттар бес күнтізбелік күннің ішінде жаңа тұрғылықты орны бойынша ішкі істер органдарында қайта тіркеуден өтеді. Уақытша тұруға келген иммигранттарды тіркеу кезінде көші-қон полициясы бөлімшелері ішкі істер органдарының басшылары арқылы учаскелік полиция инспекторларын осы жергілікті жерде тұруға рұқсат етілген мерзімдер туралы хабардар етеді.

Иммигранттардың болу мерзімін ұзарту визалар беру немесе ұзарту және иммигранттардың төлқұжаттарын тіркеудің әрекет ету мерзімін ұзарту арқылы жүзеге асырылады. Иммигранттардың төлқұжаттарын тіркеудің әрекет ету мерзімін ұзарту ішкі істер органдарының қызметкерлерімен рәсімделеді. 
 

Төлқұжатты жоғалту

Иммигрант төлқұжатын жоғалтқан жағдайда, тұрғылықты тұратын орны немесе уақытша тұратын орны бойынша дереу ішкі істер органдарына өтініш береді, онда құжатын қашан, қайда, қандай жағдайда жоғалтқанын жазады. Белгіленген ережеге сәйкес тіркелген және жеке тұлғасы куәландырылған иммигранттың өтінішінің негізінде көші-қон полициясының бөлімшелері шетелдіктерге төлқұжаттарын жоғалтқан жағдайда берілетін, немесе олардың құжаттарын алмастыратын анықтама ұсынады. 

Берілген анықтаманың негізінде шетелдік азамат өз мемлекетінің консулдық мекемесінен жаңа төлқұжат немесе оны алмастыратын құжат алады, онда ішкі істер органымен шығуға виза рәсімделеді.
 

Көші-қон карточкасы

Қазақстан Республикасына кіргенде әрбір иммигрантқа көші-қон карточкасы беріледі. Карточка мемлекеттік шекара арқылы өту пунктерінде уақытша немесе тұрғылықты тұру орны немесе баратын жолы бойынша беріледі.
 

Көші-қон карточкасы:

  1. Қазақстан Республикасында дипломатиялық, қызметтік немесе инвесторлық визалары бар тұлғаларға, сонымен қатар, дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттары және уәкілетті органның «инвестор» мәртебесін растауы бар тұлғаларға;
  2. 16 жасқа толмаған тұлғаларға;
  3. Әуе, теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелеріне;
  4. Пойыз бригадаларының қызметкерлеріне, соның ішінде рефрижераторлық, локомотивтік және теміржол көлігімен жеткізілетін жүктерді апарушы тұлғаларға;
  5. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін пойыз жолаушыларына;
  6. Халықаралық автотасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілеріне берілмейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін бес күнтізбелік күннен артық уақыт болған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімімен басқа тәртіп қаралмаса, 3-6 пунктерде көрсетілген тұлғалар ішкі істер органдарында тіркеледі.

Көші-қон карточкасында Қазақстан Республикасына кіретін иммигрант туралы мәліметтер беріледі, және оның Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болу уақытын бақылауға негіз болады.



Пайдалы сілтемелер:

www.vmp.gov.kz визалық-миграциялық порталы 
 

Иммигранттардың ҚР-ға келу және онда болу, сондай-ақ ҚР-дан кету ережелері (07.04.2016 жағдай бойынша)