National Company for Investment Support and Promotion

Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу тәртібі

Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу тәртібі:

  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңымен;
  2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Бұйрығымен регламенттеледі.

Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.

Өтініш

Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен белгіленген нысанда өтініш беріледі. Өтінішке филиал (өкілдік) құратын уәкілетті заңды тұлға қол қояды және заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) расталады.

Мемлекеттік алым

Өтінішпен бірге филиалды (өкілдікті) есептік тіркелгені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі, төлемнің мөлшері 6,5 айлық есептік көрсеткішке тең соманы құрайды. Осы сәтте алым сомасы  15 672,5 (он бес мың алты жүз жетпіс екі теңге бес тиын).

Филиал (өкілдік) туралы ереже

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері), сондай-ақ, акционерлік қоғамдар үшін қосымша заңды тұлға бекіткен, үш данада қазақ және орыс тілдеріндегі филиал (өкілдік) туралы ереже, жарғының (ереженің) көшірмесі және филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген сенімхат (қоғамдық және діни бірлестіктерден басқа) ұсынылады.

Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу

Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа,

  1. филиалды (өкiлдiктi) құратын шетелдiк заңды тұлғаның шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын, сауда тiзiлiмiнiң заңдастырылған үзiндi көшiрмесi, шетелдiк заңды тұлғаның құрылтай құжаттары немесе басқа да заңдастырылған құжаты;
  2. салықтық тiркеу нөмiрi (немесе оның аналогы) көрсетiле отырып, шетелдiк заңды тұлғаның инкорпорация елiндегi салықтық тiркелуiн растайтын құжат қосымша ұсынылуға тиiс. Филиалды (өкiлдiктi) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге ұсынылады.

Мемлекеттiк кәсiпорын филиал (өкiлдiк) құрған кезде Ұлттық Банктiң не мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның (жергiлiктi атқарушы органның) филиал (өкiлдiк) құруға келiсiмiн растайтын құжат қосымша ұсынылады.

Құжаттар табыс етілген соң тіркеуші орган:

1) ұсынылған құжаттар пакетінің толық екендігі және олардың дұрыс дайындалғанын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң актілеріне сәйкестігін тексереді;

2) құжаттары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң актілеріне сәйкес болған жағдайда филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бұйрық шығарады (бұйрық жобасын заңды тұлғаның құжаттарын қарастырған тіркеуші органның маманы үш данада дайындайды және осы маман, сондай-ақ тіркеу бөлімінің бастығы қол қояды, содан соң тіркеуші органының бастығына немесе оның орынбасарына қол қоюға ұсынады);

3) Ұлттық тізілімге филиал (өкілдік) туралы мәлімет енгізеді;

4) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлімет енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені және БСН-і берілгені туралы мемлекеттік кіріс органына хабарлама жібереді;

5) заңнамамен белгіленген филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама береді;

6) бір данадан тұратын ережесі бар істі рәсімдейді, істі рәсімдеп болғаннан кейін шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын және де акционерлік қоғам заңды тұлғаларының филиалдарының (өкілдігінің) ережесінің төлнұсқасына БСН иеленгенін растайтын мөртаңбалар қойылып, құрылтайшыға немесе оның өкіліне қайтарылады.

«Заңды тұлғаларды

тіркеу (қайта тіркеу) туралы,

олардың филиалдары мен өкілдіктерін

есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы

анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

№2-Қосымша

 

 

Нысан

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
(нұсқасы: (Аумақтық әділет органы) _________)
Заңды тұлғалардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу туралы анықтама
_________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі

 

________________         

«___»_________20__ж.

елді-мекен

 

 

                     

Заңды тұлғаның филиалының (өкілдіктің) атауы:_ ______________________

__________________________________________________________________

Заңды тұлғаның атауы: _____________________________________________

__________________________________________________________________

Заңды тұлғаның филиалының (өкілдігінің) орналасқан жері:

__________________________________________________________________

Анықтама Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберiнде құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтi жүзеге асыру құқығын бередi