National Company for Investment Support and Promotion

Шетелдіктерге салық салу

Шетелдік жеке тұлғалар келесі жағдайларда қазақстандық салық органдарында тіркелуі қажет:

  • Қазақстанның салық резиденттері болып табылатын тұлғалар банкте шоттар ашу;
  • Қазақстандағы төлеу көзінде салық салынбайтын қазақстанның көзден табыс алу;
  • салық резидентінің мәртебесін алу.

 

Салықтық тіркеу орны негізінен шетелдіктердің көші-қон карточкасында көрсетілген тұрғылықты мекен-жайы болып табылады.
Тіркеу есебіне қою:

  • резидент болып табылмайтын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу есебіне қою сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде, яғни әділет органдарында тіркелгеннен кейін автоматты түрде жүргізіледі;
  • Қазақстан Республикасында қызметін, филиал, өкілдік ашпай-ақ, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент болып табылмайтын заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою – тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органдарында.

Резиденттер Қазақстан Республикасында алынған табыстар сияқты, одан тыс жерде алынған табыстар бойынша да салық салуға жатады.
Резидент еместер төлеу орнына қарамастан тек қазақстандық көздерден алынған табыстар бойынша ғана салық салуға жатады.
Табыс, негізінен, егер ол Қазақстанда орындалған (көрсетілген) жұмыстар (қызметтер) үшін төленсе, не болмаса табыс Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент емес тұлғадан алынса, қазақстандық көзден алынған болып есептеледі. Қазақстандық көзден алынған табыс басқалардан бөлек пайыздар, дивидендтер және роялти түріндегі табысты да қамтиды.
Шетелдік жеке тұлғалар, егер олар, ағымдық салық кезеңінде аяқталатын, кез келген кезекті он екі айлық кезеңнің кем дегенде 183 күнінде елде болса, резиденттер болып танылады. Жеке тұлға, егер тұлға осы тұлғаның Қазақстанда болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылы резидент болмаса, Қазақстанда болатын соңғы күнінен кейінгі кезең үшін резидент емес тұлға ретінде қарастырылады.
Екі жақты салық салудан бас тарту туралы конвенцияларда резиденттің мәртебесін анықтауға арналған түрлі ережелер көрсетілуі мүмкін.
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының салық кодексі


 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің байланыстары:

Астана қаласы, Бейбітшілік к., 10 үй,
Тел.: +7 (7172) 701487, 709932
Ресми-сайт: www.kgd.gov.kz