National Company for Investment Support and Promotion

Қызметкерлерді жалдау

Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтар еңбек қызметіне заңнамамен белгіленген талаптарға сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттың негізінде тартылады және М1, М2, М3, М4 немесе М5 санатындағы визаларды алу туралы өтініш беруге құқылы.

Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін квотаның негізінде жүзеге асырылады.

Төменде көрсетілген шетелдік жұмыскерлерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу қажет емес, атап айтқанда:

  1. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге қатысушы-мемлекеттердің азаматтарына;
  2. Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып істейтіндерге;
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшалай эквивалентте 50 миллион АҚШ долларынан жоғары инвестициялар сомасына келісім жасасқан ұйымның бірінші басшылары, және инвестициялар жөніндегі өкілетті органмен келісімшарт жасасқан және қызметінің басымды түрлері бойынша инвестициялық қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бірінші басшылары болып жұмыс істейтіндерге,;
  4. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңына сәйкес инвестициялық басымды жобаны жүзеге асыру үшін инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларында жұмыс істейтіндерге,

сонымен қатар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (соның ішінде іздеу және жобалау қызметі, инжинирингтік қызметтер) аталған заңды тұлғалармен (немесе олардың мердігерлерімен) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе қызметтерді атқарушы ретінде тартылатын ұйымдармен жұмыс істейтіндерге инвестициялық қызмет нысанын пайдалануға бергеннен кейін бір жылға дейінгі мерзімге жоғары білімі бар басшылар мен мамандар ретінде, сондай-ақ, инвестициялық басымды жобаны жүзеге асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда белгіленген мамандығы мен санының тізімі бойынша білікті жұмысшыларға.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат

Қазақстандық заңды тұлғаның атынан шетел азаматын басшлық қызметке тарту үшін бірінші санаттағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу қажет.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар мына мерзімдерге беріледі:

  1. он екі айға – екінші және үшінші санат үшін, мерзімді он екі айға дейін екі рет қана ұзартумен;
  2. он екі айға дейін – төртінші санат пен маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін, ұзарту құқығынсыз.
  • Бірінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат шағын кәсіпкерлік субъектілерінен басқа жұмыс берушілерге үш жыл мерзімге беріледі.
  • Жұмыс берушілерге бірінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың әрекет ету мерзімін ұзарту жыл сайын он екі ай мерзімге жасалады.
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жұмыс берушілерге бірінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат он екі ай мерзіміне беріледі, екі рет қана ұзартуға болады.

Шетелдік жұмыскерлердің санаттары

БІРІНШІ

ЕКІНШІ

ҮШІНШІ

ТӨРТІНШІ

бірінші басшылар және олардың орынбасарлары

Басшылардың, мамандардың және ұйымның басқа қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамасымен белгіленген біліктілік талаптарына, басшылардың, мамандардың және ұйымның басқа қызметкерлердің лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелердің басшылары

Басшылардың, мамандардың және ұйымның басқа қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамасымен белгіленген біліктілік талаптарына, басшылардың, мамандардың және ұйымның басқа қызметкерлердің лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін мамандар

Жұмыстардың және жұмысшы мамандықтардың Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасымен, жұмысшы мамандықтардың тарифтік-біліктілік сипаттамаларымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес білікті жұмыскерлер